Байланысты: Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»(ашық тәрбие сағаты)
Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»(ашық тәрбие сағаты)
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Көрнекіліктер: слайд,көрме, буклет.ақын туралы пікірлер жазылған плакаттар.
С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады. Күй әуенімен жайлап Мұқағалидың «Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.
Жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер , өнер сүйер қауым!
Біздің халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.
Әлем –дархан ,саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес ,салтананатты
Сәнді сарай соғыңдар.
- Ей, адамдар, сендер тату , сендер тату болыңдар! –деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталды.
«Қарасаз»өлеңі
« Менің анкетам» өлеңі
Жүргізуші:
Мұқағали – 20 ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия пайғамбары. Жары – Лашын Әзімжанова. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын еді» дейді ақын туралы естелігінде. Жырларының құндылығы ақын жанының риясыз тазалығында жатыр деп ұғынуымыз қажет. «Ғажап даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы» деп баға береді Әбділда Тәжібаев. Ендеше, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия»
«Мен бір жаққа асығамын»
«Музаға»
Жүргізуші:
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын , қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Иә, осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық,қанша ұлылық жатыр десеңіәзші! Сірә, Мұқаң «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.
«Елім барда»
«Сарыжайлау» әні
Жүргізуші: Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей, белдеспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей,өкпелетпей, сен деспей.
Егер бір кездерде менің өмірім,творчествам әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
Менің қымбатты достарым! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап,бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өзорнында тұрсын.....
Мұқағали қалам тартпаған, Мұқағали жырламаған тақырып жоқ. Оның қай өлеңі болмасын Мұқағалиды Хантәңірі тауындай асқақтата түседі.
«Әйелдер-ай»
«Асыл әжем» әні
Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы;
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір-бір ер-тұрманы.
Ақын өзі дәл басып айтып кеткендей, тірлігінде аялай білмесек те, Мұқағали дарындылығын кеш мойындап, ол туралы нешелеген естеліктер жазылды. Енді соған құлақ түрелік.(естеліктерді оқиды)
Жүргізуші: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген – әжем» дейді ақын.
Мұқағали Мақатаев – драматург,сатирик,публицист,жазушы,ұстаз,журналист. «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы,мұңлы поэзия»-дейді Ф.Оңғарсынова.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Фаризаға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.
«Фаризаға»өлеңі
Адам жанына жылы шуағын себелеген, жүректің нәзік қылын тербеткен Мұқағалидың қай өлеңін оқысаң да , көңіліңде бір әуен естілгендей болады. Олай болса, келесі кезекті Мұхаңның тағы бір әуенге сұранған өлеңіне кезек берейік.
«Жас қайың» әні
Жүргізуші: -Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту серті екен,-деп қанатты қалам мен ақ парақты серік етіп, жаратқан жіберген өнерін өлгенше өшірмей , өзіне жүктелген міндетті адал атқарды емес пе?Десе де, «аңсамаймын, алмаймын көп өмірді»деген байыпты болжауы періште құлағына ілініп қалса керек. Сөйтіп, оттай лаулаған қыршын өмір үзіліп кетті.Оның маржан жырлары халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай,сиясы кеппек емес...
Лай су шаймайтын арым бар ,
Дауылдан қорықпас жаным бар,- деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді,халық ақынды сүйді, -деп бүгінгі әдеби кешімізді « Бақытыңды жырлайды» әнімен аяқтаймыз.