Тақырыбы:«Мамамндықтың бәрі жақсы...» Мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлеміне ақпараттар беру.
Түрі: Кеш
Көрнекілігі:Мектеп суреті, нақыл сөздер, «Тілек ағашы», мамандық аты жазылған карточкалар, түрлі – түсті парақтар т.б
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.
Кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студенттерді ортаға шақыру.
ІІ. негізгі бөлім Сұрақ – жауаптар
«Мамандықты жасыр» жаттығуы
«Студенттік өмірдің қызықтары»
«Егерде мен...............болсам не істер едім?»
ІІІ. Қорытынды бөлім «Еркін микрофон»
Ұйымдастырушы: А.Р.Ережепова
«Мамандықтың бәрі жақсы...» 1 – жүргізуші: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер.
2 – жүргізуші: Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін. – деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент, болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз. (Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады)
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары – мектебіміздің түлектері
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Мамандықтың бәрі жақсы...» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығымен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.
1 – жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,