Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды. Инфильтратты (папуланы) мөлдір сызғышпен білектің өсіне (ұзындығын) көлденең бағытта өлшейді.
Организмнің сынамаға реакциясын мынадай межелер арқылы бағалайды:
Теріс(отр)- инфильтрат және қызару жоқ болғанда;
Күмәнді(сомнительная) - инфильтраттың көлемі 2-4 мм немесе тек кез келген көлемдегі қызару (гиперемия)
Оң(полож)- инфильтраттың диаметрі ең кем дегенде 5 мм-ден бастап, одан ары қарай;
Айқын(гиперэргическая)- инфильтраттың диаметрі балалар мен жасөспірімдерде 17 мм және одан да жоғары және ересектерде 21мм және одан да жоғары, сондай-ақ инфильтраттың көлеміне қарамастан везикула мен лимфангиттің, аймақтық лимфадениттің пайда болуы
Туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
Туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
2) БЦЖ вакцинадан кейінгі тыртықтардың болуы және көлемі;
3) БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін өткен мерзім (5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция, вакцинадан кейін аллергияның болуын жоққа шығармайды);
4) туберкулезі бар науқастың қарым-қатынаста болуы немесе болмауы;
5) аурудың клиникалық белгілерінің болуы.
Аллергиялық бағыты бар балаларға алдын ала гипосенсибилизация (сынаманы қойғанға дейін 5 және 2 күнге дейін Манту сынамасының аясында 2 күн), инфекция ошақтарын санациялау, дегельминизация жүргізіледі.
Туберкулездің алдын алу БЦЖ вакцинация және ревакцинация жасау болып табылады.