5- ДӘРІС
Тақырыбы: «Математиканы оқытудағы есептің рөлі, алатын орны және функциялары»
Тақырыпты оқыту мақсаты:
математиканы оқытудағы есептің рөлі, алатын орны және функцияларын айқындау.
Дәрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Информациялық материалдар:
І. Математиканы оқыту процесінде есептер әр түрлі функцияларды орындайды. Яғни, оқу процесінде есеп шығару математиканы оқытудың мақсаты ретінде де, әрі оны оқыту әдісі ретінде де бой көрсетеді.
"Математикалық есеп дегеніміз-математикадағы заңдылықтар, ережелер мен әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация" (Баймуханов Б.Б. Математика есептерін шығаруға үйрену. "Мектеп", 1983).
Жалпы V-XI сынып арасында 700-800 академиялық сағат есеп шығартуға арналады екен. Математиканы оқытудың алдына қойған мақсатына тез жетуге есеп шығару қызмет атқарады.
Жалпы математиканы оқытуда есептің үлкен және жан-жақты мәні бар.
Математикалық есептердің білімділік мәні. Математикалық есепті шығару, барысында, адам көп жаңа ұғым, мағлұматтармен танысады, есеп шығарудың жаңа әдісін немесе математиканың теориялық жаңа білімдерін үйренеді. Есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып, оқушылардың математикалық ойлауын өрістетеді. Мұның бәрі математикалық білім деңгейін көтереді.
Математикалық есептердің практикалық мәні. Математикалық есептерді шығару барысында оқушылар математикалық білімдерін практикалық қажеттілікке қолдана білуге үйренеді; яғни күнделікті өмірдің алға қояр практикалық қажеттілігін шешуге дайын болады.
Математикалық аппараттар көмегінсіз құбылыстар мен процестер қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Ғылымның қандай саласын алмайық физика, химия, биология т.с.с. теориялық негіздерінде математикалық есептеулер жатады
Ой-өрісті дамытудағы математикалық есептердің мәні. Математикалық есептерді шығару барысында шарты және қорытындының, берілген мен ізденуді, ортақ жағдайды, берілгендерді салыстыру фактілерін, қарсы қоюды айыра бастайды.
А.Я.Хинчин айтқандай математикалық есептерді шығару дұрыс ойлауды және оны негіздеуді үйренуге тәрбиелейді. Математикалық есептерді шығару барысында оқушыларда ойлаудың ерекше бір жолы (стилі) қалыптасады: тұжырымдаудың формальді-логикалық үлгісі; ойын ықшамды жүйелей білу, ойлау жолдарын нақты бөліктеу, символикаларды нақтылау.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні. Есептер алдымен өздерінің мазмұнымен-ақ оқушыларды тәрбиелейді. Қоғам дамуының әрбір кезеңінде байланысты математикалық есептер мазмұны өзгеріп отырады.
Математикалық есептерді шығаруды оқыту мәселесі дұрыс қойылса, ол оқушылардың адал шындықты жақтаушы, табанды, қиындықтан қорықпауға тәрбиелейді, жолдастарының еңбегін бағалай білуге үйретеді.
Соңғы кездердегі мектеп курсына математикалық анализ элементтерін енгізу, есеп шығару барысында оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыруға жол ашып отыр.
Әрбір нақты математикалық есеп бір ғана емес бірнеше педагогикалық, дидактикалық оқыту мақсаттарына жетуге арналған.
Бұл мақсаттар есептер мазмұнына да және мұғалімнің есепке берілетін бағыттарымен сипатталады.
Мұғалімнің есепке қойған дидактикалық мақсатына сай математиканы оқытудағы есептің рөлі айқындалады.
ІІ. а) Математикалық ұғымдарды меңгертуге арналған есептер. Математикалық ұғымды толық түсіну үшін оның анықтамасымен қатар ерекше белгілерін, қасиеттерін білу керек. Бұған ең алдымен есеп шығару, жаттығулар орындау арқылы қол жеткізуге болады.
ә) Математикалық таңбаларды түсіндіруге арналған есептер. Математиканы оқытудың өзекті де күрделі салаларының бірі математикалық таңбаларды игеру, амалдардың орындалу ретін білу. Жақшаны ашқанда таңбалардың өзгеру, өзгермеуі және т. с. с.
б) Дәлелдеуді үйретуге арналған есептер. Теореманы дәлелдеуге немесе дәлелдеу есептерін шығаруға үйрену математикалық оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Бұған бастауыш сыныптан-ақ көңіл аудару керек.
Дәлелдеу алғашында есеп-сұрақ немесе қарапайым зерттеу түрінде болып келеді.
x>y , x2 > y2 міндетті ме?
үшбұрыштың екі биссектрисасы өзара перпендикуляр бола ма? Ал екінші биіктігі ше?
Берілгені; д/к: АД=ДС
Берілгені; д/к: АВ=ВС
в) Математикалық іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру, есептердің қайсыбір топтарына амалдар қолдану, шығарған есептер көмегімен игерген әдіс-тәсілдерді практикалық маңыз беру іскерлігі шыңдала түседі.
г) Математикалық машықтарды қалыптастыруға арналған есептер. Математикалық машықтар есеп пен жаттығулардын тұтас жүйесін орындау арқылы қалыптастырылады.
а) a2-b2=(a-b)(a+b)
ә)
б) 4x2-9x2=
в)
г) 3x2-2y2=
д)
ғ) Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын-ала даярлауға арналған есептер. Математиканың қайталап оқылатын ұғымдарына, заңдарына, әдістеріне оқушылардың зейінін аударадыы.
1-есеп. Қайсыбір санның квадратының төртке көбейтіндісі 625. Сол санды табыңдар. 4x2=625
д) Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер. Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру керек. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар, ойын және ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастыру т.с.с. жатады.
Мысалы: A= a5+a3+a2-1 (3 тәсілімен жіктеу)
теңдігінен қанағаттандыратын есеп құрастыру
ІІІ. Математика есептерін шығарудағы үйретудің жалпы әдістері.
Синтетикалық әдістің мәні мынадай: негізгі есептің кейбір мәліметтерін пайдаланып көмекші шамаларды анықтайды, көмекші қарапайым есептер шығару арқылы негізгі ізделінді шаманы табу процесі қарастырылады.
Аналитикалық әдіс. Есепте қойылған мәселеге жауап беру үшін нені білу керек? Сұрақтан басталады.
Бұл сұраққа толық жауап беру үшін, есептердің мәліметтерін айқындап, оның ізделінетін шама мен байланысын анықтау керек.
x2+px-q=0 теңдеуін шешу формуласын табыңдар. p және q мәліметтер болып табылады.
Салу есептеріндегі аналитикалық әдіс. Мұнда талдау арқылы салудың жоспары жасалып, жолы көрсетіледі. Тең бүйірлі үшбұрыш саламыз (1.1-сурет).
1.1-сурет. Теңбүйірлі үшбұрыш салу
Алгебралық талдау әдісі. Алгебралық талдау деп алгебралық әдіс-тәсілдердің жиынтығын түсінеміз
Есепті алгебралық талдауға тән сипат алатын әдістердің бірі-берілген есепке кері есепті шығару.
Есеп шығарудың арнаулы әдістері. Оларға сарқа сынау, жинақтау, моделдеу және ізделінетін шаманың жуық мәнін табу әдістері жатады.
Жинақтау әдісінің мәні берілген өрнекті біртіндеп түрлендіру болып табылады.
Модельдеу әдісі. Есептің мазмұнына және шығару жолдарына арналған модельдер құру.
Графикалық әдіс. Ізделінген шаманы жуықтап табуға көмектеседі.
Дәрісті талдау сұрақтары:
1. Математикалық есептердің оқытудағы мәні қандай?
2. Математика есептері оқытудың қандай мақсаттарына жетуге арналады?
3. Дидактикалық мақсатқа сай математиканы оқытудағы есептің рөлі қандай?
4.Математика есептерін шығаруды үйренудің жалпы әдістері қандай?
Өзіндік жұмысқа тапсырма:
1. Есеп шығарудың арнаулы әдістеріне тоқталыңыз.
2. Математикалық есептің практикалық мәнін ашып көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |