Тақырыбы: Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі346 Kb.
#125898
1   2   3   4   5
Байланысты:
9. УЖЖ-каз

УЖЖ- терапия аппараты
УЖЖ - терапия аппараты құрылысының негізін сәйкес жиілік пен қуатты гармониялық тербелістердің генераторы құрайды. (сурет-8, 9) Барлық аппараттарға тән ерекшелік тербелмелі контурдың болуы. Тербелмелі контурға адам денесіне жапсырылатын электродтар тіркеледі. Мұндай контурларды терапевтік деп атайды.Тербелмелі контурдың болуы қауіпсіздік техникасы тұрғысынан міндетті,себебі генератордың өзіне ЖЖ тербелістерден басқа лампаларды қоректендіретін жоғары кернеулер жұмыс жасайды. Ауру адамға бұл кернеулердің зиянды әсерлері болмас үшін,жанасатын t электрод L;С тербелмелі контурға қосылады. Терапевтік контурға әр түрлі электрлік параметрлері бар обьектілер қосылатындықтан, терапевтік контур әр процедурада резонанс құбылысына бейімделуі қажет. Бұл үшін конденсатор айнымалы сыйымдылыққа ие болады. Пациент қауіпсіздігі үшін УЖЖ- терапия аппараты схемасына ТК қосылған. ТК анодтың тербелмелі контурмен байланыс орамымен байланысқан (ВС). Үлкен қуат алу үшін ТК, айнымалы Ст конденсатордың көмегімен резонансқа бейімделуі. УЖЖ электр генератормен өрісінің пациентке әсері электродтардың көмегімен жүзеге асады. Аппараттың барлық электр схемасы металл корпусқа ендірілген. Жеке элементтері экрандалған. Басқару элементтері алдыңғы панельде орналасқан және сәйкес жазулары бар.
Электродтардың арасында электр өрісінің кернеулігінің таралуы электродтардың өлшеміне, олардың ара қашықтығына және өзара орналасуына тәуелді. Таралуды ДА- дипольдік антеннаның көмегімен зерттеуге болады.ДА- екі өткізгіш, екі ортасына жартылай өткізгішті диод қосылған. ДА миллиамперметр жалғанған. ДА контурындағы ток күші УЖЖ электр өрісінің кернеулігіне пропорционал. ДА ағаш рейканың шетіне орналасады, вертикаль және горизонталь бағыттарда жылжиды. Бағыттаушы рейкада әр сантиметр сайын бөлікке бөлінген.
Бұл ДА-ң электродтарға қарағандағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.



8-сурет

9-сурет


Гальванизация және емдік электрофорез
Тұрақты токтың (ондаған миллиампер) адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады. Гальванизацияда тұрақты ток сәйкес көзден ағза ұлпасына металл электродтар мен өткізгіштердің көмегімен жалғанады. Олар қорғасын және қалайы пластикалардан тағайындалады. Тұрақты токтың ағза ұлпаларына бірінші ретті әсері зарядталған бөлшектердің ұлпа электролиттеріндегі зарядталған бөлшектердің орын ауыстыруынан болады. Бұл жағдайда иондардың әтрүрлі қозғалғыштығының нәтижесінде, бастысы мембраналарда тосылуы және клеткаларда, қоршаған сұйықтықтарда иондардың концентрациясының өзгеруі болады. Иондық ортадағы өзгеріс клеткалардың функционалдық күйінің өзгеруіне, яғни қозуына немесе тежелуіне алып келеді.Иондардың жергілікті концентрациясы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік және ағза ұлпаларына бірінші ретті әсерінің негізінде поляризациялық құбылыс жатыр.Ұлпалардың жасушаларының күйінің функционалдық өзгеруі (әсіресе нервтік рецепторлардың) нервтік гуморальдық немесе флекторлық жолмен ағзаның келесі буындарының реакциясын тудырады, олар өз кезегінде жеке мүшелермен жүйелердің бүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Гальванизацияны тұрақты токтың көмегімен ағза ұлпаларына дәрілік заттарды енгізумен байланыстырады. Мұндай заттардың ерітінділеріне электродтардың астындағы жапсырмалар батырылады. Процедура емдік электрофорез деп аталады. Гальванизация мен емдік электрофорез процедурасы үшін (40-60 В) тұрақты кернеу көзі қажет, әртүрлі процедураларда ток күшін басқаруға арналған потенциометрмен жабдықталады. Мұндай көз ретінде электронды-лампалы немесе жартылай өткізгішті түзеткіштер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет