Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі алаш зиялылары еңбектерінің маңыздылығы



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі1,52 Mb.
#84766
1   2   3
Байланысты:
1201-21 Айгерим

Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды.
Ал 1913 ж. “Қазақ” газетінде жарияланған “Оқу жайы” атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, “Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды.
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге де арнайы тоқталып, ол пәндерді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек деп саралап көрсетеді. А.Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан, кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды.
А.Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. “Бұлардың кемшілігі сол – деді ол – бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте (жаңаша буындап оқыту) жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік-тәжірибесіздік” деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 ж. қазанда “Баяншы” деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор мұғалімдерге “Әліппені” оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет