Интеллектуалдық дамыту ойынының түрлері мен қызметі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - оқу қызметі, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, математикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б.Ал интеллектуалдық дамыту ойындары – балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын молайтады. Оларды іденімпаздыққа ынталандырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Баланың белсенділігі артады, ойынның келесі күрделі кезеңіне өтуге талпынады.Ойынды түрлендіру әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Ойыншы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Оқу ісі – әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Дидактикалық ойындар.
Шығармашылық ойындар.
Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.
Символдық ойын – шындық символдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын. Құрылыс ойындары процесінде педагог балаларды бақылауға, құрылыстардың бір өлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, салыстыруға, ара қатынасын, құрылыс тәсілдерін есінде сақтап, елестеуге, іс - әрекеттің жүйелігіне назар қоюға үйретеді.
Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесі мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың алған білімін бекітуде, тың ойлау, мәселені шешу, топ құра алу және шығармашылықпен ойлауға баулиды.Әр ойын түрлі алаңда логика құруға бағыттайды. Стратегиялық ойындарда ойын құруды, өзгерген жағдайларға қарай жаңа жоспар құру және қарсыласының ойын анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, стратегиялық ойындарда қарсылас болуға лайық деңгейде жетіледі. Жүйенің қолданылуымен Балалар қоғамға пайдалы, әлеуметтік бағыты мықты және тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады.
Жүйеде қолданылатын ойындар Балалардың: жоспарлау, өлшеу, зеректік, мәселені шешу жолдарын қарастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді байқау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеушілік қырларын дамытады. Топтық ойындар әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі. Мұндағы басты мақсат – әр баланың өзін жақсы танып, қабілеттерін, қызығушылығын, әлсіз тұстарын байқау қабілетін үйрету. Орта құрып, ережелерде тұрақталатындай өзін бейімдеуге үйрету. Балалардың жаттығу барысында өзін басқа балалармен салыстыру және бейімділіктерін байқауға мүмкіндік жасау. Басынан өткен жағдайларға қарай қиялдауына көмектесу және қиялын жалғастыратындай жұмыстар ұсыну. Педагогтар үшін әр ойын оқу қызметі тәрізді арнайы дайындықты қажет етеді.Сонымен, интеллектуалдық дамыту ойыны баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да интеллектуалды ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: |