Тақырыбы: Менеджменттің негізгі функциялары



бет5/5
Дата03.12.2023
өлшемі23,25 Kb.
#133906
1   2   3   4   5
Байланысты:
2) Срсп Мониторинг

1.4 Бақылау процесі
Бақылау процесі үш кезеннен түрады: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру енгізілетін кажетті түзетулерді қабылдау олардың әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады.
Стандарттарды белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымныңмақсаты мен стратегиясына орай таңдалынып алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарттар ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың манызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Оларуақыт аясының болуымен, сол уақытаралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бақылауға болады. бақылау процесінде үш нақты кезең бар: стандарттар мен критерийлерді жасау, олармен нақты нәтижелерді салыстыру және қажетті іс-қимылдар қабылдау. Әр кезенде әртүрлі шаралар кешені өткізіледі.
Бірінші кезеңде жоспарлау мен бақылау функцияларының қаншалықты бір-бірімен жақын екендігін көрсетеді.
Стандарттар дегеніміз — нақты мақсаттар, прогресс олармен қарым-қатынаста өлшеуге жағдай жасалады. Бұл мақсаттар жоспарлау процесінен туындайды. Бақылау үшін қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген мақсаттары мен стратегияларынан тандалып алынуы керек. Бақылау үшін қолданылатын стандарттар есебіндегі мақсаттардың өте маңызды екі ерекшелігі бар. Олар орындалатын жұмыс дәрежесінің нақты критерийлерімен сипатталады.
Бақылау процесінің екінші кезеңі нақты жеткен нәтижелермен бекітілген стандарттарды салыстырудан тұрады. Бұл кезеңде менеджер жеткен нәтижелер, күткен нәтижелермен қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтап алу керек. Мұндайда ол тағы бір мынандай өте маңызды шешім кабылдайды: табылған ауытқулар стандарттардан қаншалықты мүмкін немесе қауіпсіз. Бақылау процедурасының екінші кезеңінде бағалау беріледі, ол қызметгің басталу шешімінің негізі болып табылады. Бақылаудың бұл кезеңіңдегі іске асырылған кызмет бақылаудың барлық жүйесінің белгілі бөлігі ретінде көрінеді. Бұл қызмет ауытқу мөлшерін анықтайды, нәтижелерді өлшейді, ақпарат береді және бағалаумен қорытындыланады. Үшінші кезенде менеджерлер үш тәртіп сызығының біреуін таңдап алуы керек: ештеңе істемеу, ауытқуларды алып тастау немесе стандартты қайта қарау.
1. Ештеңе істемеу. Бақылаудың негізгі мақсаты, ұйымды баскару процесі жоспарға сәйкес жұмыс істеуді талап етуден тұрады. Егер нақты нәтижелермен стандарттар салыстырылса, онда бекітілген мақсаттарға жетуге болады, одан да ештеңе істемеу керек.
2. Ауытқуларды алып тастау. Егер күрделі ауыткуларды ірі мәселелерге айналғанша алып тастау мүмкін болмаса, онда бақылау жүйесі мағынасыз болып табылады. Жүргізілетін түзетулер ауытқуды алып тастауға бағытталу керек. Өлшеу кезеңі ауытқу мөлшерінің стандарттан айырмашылығын көрсетуі және оның тура себебін анықтауы керек. Бұл шешім қабылдаудың тиімді процедурасының қажеттілігімен байланысты. Егер ұйымдағы жұмыстың көп бөлігі біріктірілген адамдар тобының нәтижесі болса, онда қандай да болмасын мәселелерді анықтау мүмкін емес. Корректировканың мәні ауытқудың себебін түсіну және ұйымның дұрыс қимыл жасауына қол жеткізу.
3. Стандарттарды қайта қарау. Барлық ауытқуларды стандарттардан алып тастауға болмайды. Кейде стандарттардың өздері де нақты болмай қалуы да мүмкін, өйткені олар жос-парға негізделеді, ал жоспарлар — болашақ болжамы. Жоспарларды қайта қарағанда, стандарттарды да қайта қарау керек.
Табысты қызмет істейтін ұйымдар өздерінің стандарттарын жоғарылату мақсатында қайта қарауы және олар уақыт бойынша өте жиі жүргізілмеуі керек. Өйткені жоспарлау өте тиімді құрастырылған. Сондықтан стандарттарды төмендету жағына қарай қайта қарау қажет. Стандарттардың талаптарын орындау өте қиын болғандықтан, менеджерлер мен жұмысшылардың бағытын мақсаттарына жетуге мүмкіндік және оларға барлық ынталандыру жағдайын жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет