6. «Мамандықтар сөйлейді» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы әртістік қасиеттерін ашу, топпен бірлесе жұмыс жасау.
Нұсқау: Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек. Сонымен қатар келесі топ тауып алу керек.
7. Қорытынды. «Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демекші, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды сүйе біліңдер.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
8. Рефлексия. «Тілектер ағашы »
Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына» ілеміз.
Бүгінгі кештен алған әсерлерің, бір- бірлеріңе тілектерінді ілеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |