Мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: -мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
-мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу
-еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, слайд
Барысы:
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз.
Ойланайық, пікірлесейік... Айтыңдаршы, мамандық дегеніміз не? Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаула мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.
Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек: 1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру
Мамандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек.