Тақырыбы: Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары Металлургия


Қарағанды қара металлургия комбинаты



бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі5,11 Mb.
#136582
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
хим 5,12

Қарағанды қара металлургия комбинаты

Көрсеткіштің атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Қара металлургия, млрд. теңге

264,7

365,5

387,4

374,0

558,9

844,2

579,0

Темір кенін өндіру, млрд. теңге

40,7

85,4

111,5

93,4

117,2

179,0

135,4

Қара металлургияда темір кенін өндіру үлесі, %

15,4

23,4

28,8

25,0

21,0

21,2

23,4

Қара металлургия өнімдерін-өндіру, млрд. теңге

224,0

280,1

275,9

280,6

441,7

665,2

443,7

Қара металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

84,6

76,6

71,2

75,0

79,0

78,8

76,6

Түсті металлургия, млрд. теңге

284,7

377,5

487,3

846,6

904,1

886,2

796,6

Түсті метал кендерін өндіру, млрд. теңге

55,8

70,1

90,4

138,5

187,0

240,5

204,2

Түсті металлургиядағы кен өндірудің үлесі, %

19,2

18,0

18,2

16,1

20,0

25,0

25,6

Түсті металдарды өндіру, млрд. теңге

228,9

307,4

396,9

708,1

717,1

645,7

592,4

Түсті металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

80,8

82,0

81,8

83,9

80,0

75,0

78,0

Қара және түсті металлургия өндірісінің динамикасы
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.
Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.
Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады.
Металлургия кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері
Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ.
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. 

Металлургияның топырақты ластауы

Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты, олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдар концентрациясы ШРК мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкент топырағында қорғасынның мөлшері 200ШРК, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 есе ШРК дейін жететін жерлер кездеседі.

Қара металлургияның экологиялық проблемасы

Барлық металлургиялық үдерістерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутек, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксохимия өендірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары.

Барлық металлургиялық үдерістерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутек, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксохимия өендірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары.


Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған катты бөлшектер
май
Сульфаттар
хлоридтер
Темірдің қосылыстары
Ауыр металдар
Т.б ластаушы компоненттер

Қара және түсті металлургия өнеркәсіптерін экологияландыруда кен шикізатын тиімді және үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үдерістерді енгізу керек:


Өндірістің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтарын қайта өндеуге тарту, шыққан газдар мен ақаба зиянды заттардың тасталымдарын төмендету;
Тау-кен және байыту кәсіпорындарының үйінді пайдасыз қалдықтарын құрылыс материалдары, жол жабылғысы және арнаулы қазбалы минералдық ресурстар орнына пайдалану;
Шикізатты өндеу үдерістерін жеделдететін, ресурс үнемдейтін үдерістерді қолдану, энергия шығынын азайту, шығатын газдар көлемін және қоршаған ортаға зиянды күшті төмендету;
Таза су шығынын төмендету және ақаба сулардың мөлшерін сусыз технологиялық үдерістер мен ағынсыз сумен жабдықтау әдісі жүйелерін енгізу және ары қарай дамыту;
Металлургия кәсіпорындарында тиімділігі жоғары тазалау қондырғыларын жасау және кеңінен қолдану.
Қорытынды
Қорыта келгенде, металлургия өнеркәсібі республика экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Тау - кен өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібі мұнай-газ өнеркәсібімен бірге Қазақстанның экономикасының негізгі салалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне металлургия өнеркәсісібінің де қосар үлесі мол. Өйткені республикамыздағы металлургия кәсіпорындарының көпшілігі әлемдегі металлургия гиганттарымен бәсекелеске қабілетті.
Назар салғандарыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет