|
Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші
|
бет | 2/4 | Дата | 15.03.2022 | өлшемі | 24,21 Kb. | | #28007 |
| Байланысты: аидаХор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Амина: Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Райымбек: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Медина: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қазбек: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Арлан: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Айым: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Нурай: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Жаннұр: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Диас: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Аяжан: Қош келдің Наурызым Ардақты
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|