Тақырыбы: Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы



бет11/14
Дата10.05.2022
өлшемі47,85 Kb.
#33943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лейкоциттер

Лейкоциттердің 1 мкл. қандағы мөлшері 4,5-8,0 мыңға дейін болады. Ересек адамдарда осы көрсетілген санның 2/3-сі ( 60-70%) дерлік нейтрофильдік лейкоциттер оны лейкоцитарлық формуланы санап көз жеткізуге болады (жас нейтрофильдер немесе метамиелоциттер -0-1,0%, таяқша ядролы -3-5%, сегментті ядролы 51-67%). Лимфоциттер 25-35%, моноциттер 4-6%, эозинофильдер 2-4%, базофильдер 0,1-0,2% құрайды. Баларда лимфоциттер сандары белгілі бір жасқа дейін ересек адамдармен салыстырғанда жоғары болады (50% және одан да көп).

Лейкопения лейкоциттердің жалпы санының (абсолюттік лейкопения) немес жеке бір морфологиялық түрінің проценттік мөлшерінің (салыстырмалы лейкопения) азаюы. Морфологиялық түріне байланысты эозинопения, нейтропения, лимфоцитопения және моноцитопения болып бөлінеді.

Лейкопения себебі миелотропты улармен интоксикация (бензол, ауыр металдар тұзы, бензин буы), кейбір дәрілік заттар (сулфаниламидтер, барбитураттар, титостатиттер), микроптық токсиндер (іш сүзек) болуы мүмкін. Күшті лейкопения сәуле ауруының әрдайым жолдасы деуге болады. Жоғарыда көрсетілген себептердің көбінде нейтропения кездеседі. Ол сонымен қатар көгеріп бұзылған қыстан шыққан дәнді –дақылдарды жегенде пайда болады.

Лейкопенияның ең ауыр түрін агранулоцитоз деп атайды, ол қанда түйіршікті лейкоциттердің соның ішінде нейтрофильдердің күрт азаюынан болады. Нейтрофильдер фагоцитозға қатысады, сондықтан аграгнулоцитозда иммунитет нашарлайды, септика, некроздық процестер пайда болады. Жекелеп айтқанда некроздық анемия және сепсистік жай –күй туады. Агранулоцитоздың ең бір ерекше сәйкес түрі сәуле ауруында, көгеретін саңырауқұлақтардың уымен уланғанда, ісікке қарсы препараттар мен емдегенде (цитостатик), сүйек миына ісік метастазы түскенде дамиды.

Агранулоцитозда ядролық ығысу болады. Қанда азғантай мөлшерде сегментті ядролы нейтрофильдер болады, сонымен қатар олар гиперсегментті болып келеді. Иозинофильдер, базофильдер жок болады. Лейкопениялардың кез келген түрінің пайда болу механизмі екі түрлі болады: а) миелоидтық тканьдегі лейкопоэз өркеніне токсикалық және жарақаттағыш фактордың әсерінен лейкоциттердің жасалуы және жетілуі болады; б) жасалып шыққан лейкоциттердің бұзылуы –лейкоциттердің химиялық заттардан жарақаттануы (лейколиз) күшейеді. Лейкоциттерге қарсы аутоантиденелер (аутоиммундық лейкопения) болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет