Несептің түзілуі 2 фазада өтеді: 1-ші фаза-фильтрационды-сүзгішті фаза. Шумлянский-Бауман капсуласының мальпигий шоғырының капиллярларында өтеді. Онда қанның қысымы өте жоғары 70-90 мм сол себепті өте баяу жүреді.
2-ші фаза-реабсорбция фазасы, яғни қайта сору, иректі түтікшелерде кейбір заттар қайта сорылады. Бұл соңғы пайда болған несепте қант, аминқышқылдары жоқ.
Қолқадан 20 %-дан бүйрекке барады. 1 минутта ірі малда 5 литр қан өтеді, бүйректен, ал тәулігіне 7,2 тонна, ал адамнан- 1 тонна қан өтеді.
Лабораториялық әдістерді қолданып малды диспансерлік зерттеуде бұл жағдайлар өте ұқыптылықпен жүргізілуі тиіс.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының жіктелуі клиникалық-анатомиялық заңдылықтарға негізделген (бүйректер аурулары, бүйректер астаушаларының, несеп жолдары түтікшесінің, қуықтың және уретраның аурулары).
Бүйректер ауруларын организмнің жалпы реактивтілігін ескере отырып үш негізгі топқа бөледі:
- диффузды гломерулонефрит инфекциялық немесе токсикоаллергиялық аурулар;
- бүйректердің организмнің реактивтілігінің айқын өзгеріссіз өтетін токсикалық және инфекциялық зақымдануы (нефронекроздар, эмболиялық және геморрагиялық нефриттер), бүйректерде зат алмасулары процестерінің бұзылуынсыз дамыйтын дистрофиялық аурулары;
- бүйректердің қызметтерінің бұзылуынан организмде су, электролит және белок алмасулары өзгереді.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары Оған жататындар: ісіну синдромы, жүрек-қантамыр синдромы, несеп синдромы, уремиялық синдром және ауырсыну синдромы.
I. Ісіну синдромы қабақтың, төс астының, іштің ішкі жағының, уманың, аяқтардың тері асты торшасында (клетчаткасында) ісінулер дамуымен байқалады. Қомақты және тұрақты ісінулер негізінде нефрозға тән. Диффузды неффриттерде ісіну аз байқалады, бірақ тез пайда болады, ал ошақты нефриттерде ісіну мүлдем болмауы мүмкін.
Негізгі синдром-ол ісіну (домбығу) синдромы. Бүйрек ауруларының ісінуі жүрек ауруларының ісінуіне қарағанда өзгешеленеді (кенеттен өте тез пайда болады, жергілікті (локальді), бүйрек зақымданғанда).
Ісінудің дамуы 3 жағдайдан болады:
1. Бүйректің қызметі бұзылғандықтан су мен NaCl сыртқа шығуы бұзылады (бүйректің қан тамырлар шумағында фильтрациялық (сүзгіш) қызметі бұзылғандықтан қанда су көбейеді де, ал ұлпаларда ас тұзы көптеп жиналады).
2. Капиллярлардың қабырғасының қуысы кеңейгендіктен олардың қызметі бұзылады.
3. Дене ұлпасының қызметі бұзылғандықтан суды бойына сіңіреді.
II. Жүрек-қантамыр синдромы артериялық қысымның көтерілуімен, сол жақ қарыншалардың гипертрофиясымен, қолқа тамырында екінші саздың күшеюімен, тамыр соғуының қатаңдауымен және тахикардиямен сипатталады. Бұл синдром диффузды нефритке және нефросклерозға тән. Нефроздарда, егерде бүйректе қан жүруі бұзылмаса онда артериальді гипертония болмайды.
Ш. Несеп синдромы несептің мөлшері мен бөліну жиілігі өзгеруімен (олигурия, анурия, полиурия, ишурия, поллакиурия) оның физикалық-химиялық қасиеттерінің бұзылуымен (гематурия, протеинурия, глюкозурия) сипатталады (байқалады).
Полиурия негізінен нефросклерозға және амилоидты нефрозға тән. Олигурия мен анурия жиі диффузды нефритте болады. Поллакиурия -уроциститке тән синдром, ишурия - несептас ауруының, қуықтың сфиктерінің түйілуінің, оның шала салдану мен салдануының негізгі синромы. Протеинурия – нефритке және нефрозға тән несепте қан сарысуы белоктарының пайда болуымен массифті протеинуриямен байқалады.
Полиурия (несеп мөлшерінің көбеюі), олигурия (азаюы)-бұл нефритпен нефрозға тән, ал анурия (несеп мүлдем бөлінбейді)-несеп жолы бітелгенде немесе қуық мойнының түйілуінде.
Полиурия-нефритте, нефросклерозда несептің меншікті салмағы артады. Не төмендейді.
Альбуминурия бүйректен тыс (несепте белок 1 %-дан төмен, патологиялық торша элементтері жоқ - цилиндрлер, эпителий торшалары), ал бүйректік альбуминурияда несепте белок 1 %-дан көп, торшалар бар-цилиндрлер, бүйрек торшаларының эпителийі.
Глюкозурия - физиологиялық және патологиялық (қант диабеті-сусамыр).
Қантсыз диабет- қанда қанттың пайызы анықталмайды, гипергликемия болмайды.
Зәрмен қан бөлінгенді гематурия деп атайды. Гематурияда несеп бұлыңғыр, қызыл түске боялады, тұнбада қанның формалы элементтері бар.
Бүйректен тыс гематурияда қанда жаңа ұйыған қан бар, ал бүйректік гематурияда несеп қызыл-қоңыр түске боялады, торшалар бар (цилиндрлер, бүйрек эпителий торшалары).
Гемоглобинурияда зәр мөлдір, біріңғай қызыл түске боялады.
Несеп бөлу жолдары, ағзалары қанталаса, онда қанның пайызы көп, несеп тұнбасында торшалар жоқ.
Цилиндрурия-несеппен цилиндрлердің бөлінуі.
IV. Уремиялық синдром организмде азотты шлактар және олардың миға әсерлерімен сипатталады. Бұл синдром жалпы әлсіздікпен, күйзелумен, ұйқы басумен, талмамен, сіреспелермен байқалады. Қанда азот қалдықтарының (100 мл-ге 3 г болғанның өзінде) бірнеше көбеюінен, олар ішек арқылы бөлінгендіктен, энтерит, іш өту және кұсу құбылыстары өршиді. Дем шығарғанда және малдың терісінен несептің иісі шығып тұрады. Уремиялық синдром нефриттің, нефроздың және нефресклероздың ауыр түрлеріне тән.
Қан құрамы аммиак пен мочевинаға, зәр қышқылымен қаныққан. Ауру мал қатты қышынады (зуд), эклампсия (қояншық құбылысы), тырыспа (түйілуі, құрысу), талма.
Жас төлдерде талма түрінде өтеді, құсады, мойын тұсының еттері тартылады, рефлекстер күшейеді.
Уремия екі түрлі болады:
1. Нағыз уремия-егерде қан құрамында азоты заттар көбейсе;
2. Жалған уремия-егерде қан құрамында азоты заттар жоқ болса.
V. Ауырсыну синдромы жалған шаншулар және несеп бөлудің қиындауымен байқалады, несеп бөлу жүйесі ауруларын диагностикалауда оның маңызы зор, әсіресе несеп бөлінуінің кідіруімен немесе несеп жолдарының бітелуімен өтетін ауруларда (циститтер, уретриттер, пиелит, уролитиазис). Ауру малдар мазасызданады, ішіне қарайды, ішін артқы аяқтарымен тепкілейді, несеп бөлетіндей кейіпте болады, тістерін қышырлатады.