Тақырыбы: Қоғамға қызмет көрсетудің маңыздылығы Орындаған: Тәттібек Гүлзейнеп Қабылдаған: Қаражанов Нұрсұлтан Жоспар Кіріспе



бет2/5
Дата27.11.2022
өлшемі50,76 Kb.
#53047
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәттібек Г Этика

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I-ТАРАУ: ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
§1.ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір тұрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т.б) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.
Көптеген елдердегі қоғам дамуының стратегиялық мақсаты лайықты өмір сүру деңгейіне жету, әлеуметтік теңсіздікті және кедейлікті төмендету үшін азаматтардың негізгі құқықтарын ресми түрде жүзеге асыру болып табылады. Халықаралық еңбек заңнамасының негізгі ережелері әлемдік жаһандану жағдайында жаңа мәнге ие болып отыр. Аса әділетті экономикалық ережелердің болуы әлеуметтік әділеттікті орнату үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты әлеуметтік бағытталған экономикалық дамытуды күшейту мақсатында, барлық елдердің қабылдайтын шараларын қолдауда, сол елдің жағдайын, оның мүмкіндіктері мен ықыласын ескеру қажет. Тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, нарықтық экономика талаптарына және мемлекеттің әлеуметтік-бағдарланған көрсеткіштеріне бейімделген халықты әлеуметтік қорғау жүйесі құрылды.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан түбегейлі экономикалық және саяси
реформалар қоғамда терең өзгерістер туғызды. Алғашқы кезде әлеуметтік
шиеленістер қалыптасты. Осындай жағдайда халықты әлеуметтік жағынан
қорғаудың тиімді жүйесін жасау қажеттілігі туындады. Жалпы адамзаттық
құндылықтар ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып, жеке дербес
өзгешеліктерінің көрінуі ерекшелене бастады. Қазақстан Республикасы
азаматтарының әрбір топтары мен мемлекеттік дәрежеде қызмет көрсетудің
негіздерін дүниежүзілік озат тәжірибе тұрғысындағы саяси-әлеуметтік маңызы
бар мәселеге айналды. Әлеуметтік жұмыстың қазіргі мәселелері
экономикалық, саяси, рухани өмірдің бұзылуы, халықтың үлкен бөлігінің өмір
сүру деңгейінің төмендеуі, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі жағдайында жүргізіліп жатыр. Бұл жолда біріншіден, үкімет, ғалымдар біздің еліміздің
ертеректегі әлеуметтік жұмыстағы тәжірибесін жинақтаса, екіншіден, халықты

әлеуметтік жағынан қорғау мәселелеріне көңіл бөлуге тырысты.
Әлеуметтік қызмет – бұл әлеуметтік өлшем жүйесі, сонымен бірге
мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасқан құрылымдардың халыққа
әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өміріндегі қиын жағдайларына көмек
көрсету, азаматтардың ауыр жағдайларды жеңіп өздерін жігерлендіруіне
ұмтылдыру. Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің
халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың
нағыз бір жетекші дамыған қозғалыстың компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет
көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы,
миллиондаған адамдардың көшпелі кезеңіндегі қиындықтарын әр түрлі
әлеуметтік-адамгершілік қызмет тәсілдерімен бейімделуге бағытталған,
әлеуметтік оңалдыру немесе жекелеген адамдарды, отбасыны кіріс жиынтықтары
қиын, ауыр жағдайларға тап болған адамдарға көмектесу.
Әлеуметтік сферада қабылданған негізгі заңдар: Халықты жұмыспен қамту
туралы Заңы(1991), Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1992), Арал өңіріндегі экологиялық
апаттардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1992),
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1991), Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы
(2002), Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы
Заңы(1997) т.б. Халықты әлеуметттік қорғаудың ең басты құқықтық базасы —
Ата-Заңымыз. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясында әлеуметік
саясаттың негізгі бағыттары айқын көрсетілген. Әлеуметтік саясат еліміздің
экономикалық реформаларының толыққанды жүзеге асырылунда маңызды рөл
атқарады.
Сонымен, жоғарыда, көрсетілгендей азаматтарға әлеуметтік қорғау мен
көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының қорғау мен көмек көрсету
бағыт-бағдарын көрсетіп, қоғамның әлеуметтік даму дәрежесін оңтайландырады
да әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғалар мен топтардың құқықтық база
негіздерінде мүддесін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік кепіл жүйесі
болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет