Тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық



Дата22.10.2022
өлшемі24,51 Kb.
#44966
Байланысты:
ытуды басқару және көшбасшылық


Тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық

Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық қазіргі уақыттағы білім саласындағы мұғалімнің көшбасшылығын анықтау, өзекті мәселелерді зерттей отырып, оны ашу. Оқытудағы мұғалімнің басқарушылық қабілеті мен көшбасшылық құндылығын сақтау және анықтау, дамыту. «Экономикалық көрсеткішіміздің өсуіне орай біздің қоғамымыздағы мәдени және білім деңгейінің артуына, жаңа Қазақстандық зияткер ұлт қалыптасуына ерекше назар аудару қажет» деп атап көрсетуі, білім беру саласының еліміздегі даму үдерісіне атсалысатын жаңашыл, білікті мамандарды дайындау қажеттігін міндеттейді.


Білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру, жаңа сапаға көшу, инновациялық ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару, болашақ мамандарды нарықтық және өндірістік шындыққа бейімдеу, оқушылардың қызметтік сауаттылығын дамыту еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл — ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Басшылық қызметімде Қазақстан Республикасында әлемнің озық тәжірибелерін талдау және зерттеу негізінде 2011 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ АҚ – ның Кембридж университетінің Білім беру факультеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының» маңызы зор. Оқудың жаңа мазмұнын игеру немесе жобалау процестерін дайындауда әріптестермен шағын топтарда әрекеттесу арқылы орындалады. Топтық жұмыс нәтижесінде ой білдіру, тұжырымдар мен ұстанымдарды, жобалау көзқарастарын, үлгілерін ортаға салу психологиялық тұрғыдан жеңілірек екендігі байқалды. Осы курстың мақсаты бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру. Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Бұл курс келген тындаушыларын осындай мақсатта үйретіп жатыр. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады. Сондықтан да мұғалім­нің оқу — әдістемелік, әлеуметтік — ма­териалдық жағдайын жақсарту жолымен оның беделін мүмкіндігінше арттырып отыру мемлекетіміздің білім беру саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болуға тиіс деп ойлаймын. Алайда мұғалімнің осы жанқиярлық еңбегі зая кетпес үшін беделіне қатысты оның еркіндегі және еркінен тыс көптеген шарттар бар екені белгілі. Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді. Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық — әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Мұғалімдердің сабақ барысын бақылау барысында байқағаным оқушыларға көп еркіндік беру қажет секілді. Себебі оқушы оқу барысында өзін неғұрлым еркін сезінсе соғұрлым сұрақтарға, яғни берілген тапсырмаларға еркін ойда жауап береді деп ойлаймын. Ол мынадай іс-әрекетте болуы қажет. Мұғалім — оқушы, оқушы — оқушы, оқушы мұғалім, оқушылар сабақ барысында бірнеше рет өздерінше диалогқа түседі. Мысалы: пікір талас туындағанда. Бұл жағдай оқушылар бір — бірімен келіспеушілік туындаған жағдайда пайда болады. Себебі әрбір оқушы өздерінің айтқан сөздерінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады. Сонан соң топтық әңгіме барысында диалогқа түседі. Ондай жағдайда оқушылар ойлаған ойларын және пікірлерін ортаға сала отырып дұрыс шешім қабылдайды. Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу — көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады. Қазіргі уақыттағы мектептегі білім сапасының артуына бірден — бір себепкер болып отырған білікті де, білімді ұстаздар болып табылады.
Ұстаздардың біліктілігі мен білімділігі олардың білім нәрімен сусындатып отырған оқушылары арқылы көрінеді. Себебі оқушылардың жарыстарда, олимпиадаларда және ғылыми жобаларда жоғарғы нәтиже көрсетуі, ұстаздардың біліміділігі мен біліктілігін, білім сапасын көтеруін одан ары дамытады. Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми — әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу — тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және оқушыға жағдай жасау. Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалау жалпы орта оқу ұйымдарының қызметін жаңаша ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай — ақ оқыту технологиясына да өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік — саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан — жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан — жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді. Психологиялық тұрғыдан қарағанда 11-12 жастағы балалардың дүниені тану қызығушылықтары ерекше және зейін салып тыңдауы, қабылдауы да осы жаста өте жоғары болады, сондықтан, қиынға түсетін жаратылыстану пәндерін (физика, химия, биология) ерте жастан бастап оқытуға болады. Ал егер мұғалім мен баланың арасында түсінушілік болмаса, сол сияқты баланың темперамент типі, қабылдау каналы ескерілмесе, мұғалім баға бергенде әділ болмаса, баланы жақсы жетістігі үшін мадақтамаса, алаңдатушылық жағдайлардың туындауы мүмкін, сондықтан да ерте жастан бастап оқытуды енгізуге мұғалім жауапкершілікпен қарап, оқу үрдісін ұйымдастыруда өте мұқият болуы тиіс. Сонымен қорыта келе айтарым, қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық — компьютерлік іс — әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді. Жаңа форматтағы мұғалім пәнді жақсы білумен қоса, стандартты талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан — жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық — педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми — зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің басшы яғни ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Басшы ретінде айтарым мұғалімдер арасынан осындай ұстаздар көптеп шықса онда осы бағдарламаның тиімді нәтижесі деп ойлаймын. Сондықтан, мектептегі өзгерістерді одан әрі жетілдіре отырып дамыту – негізгі мақсатымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет