Тақырыбы: «Ойын терапиясы арқылы балалардың танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ермекқожина Д. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет4/8
Дата22.11.2022
өлшемі40,08 Kb.
#51909
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9 (1)

Ойын терапиясының ережесі

  • Қандай жағдай болмасын бала- өзінің өсуімен дамуына сай өзгеріп отыратын адам оны ұмытпау қажет.

  • Ойын – баланың өзінің ішкі дүниесін көрсету тәсілі, ойын арқылы өз баламыздың жаңа қырларын біліп, оның қылықтарын түсінеміз. Ата-аналарға балалардың ойынына көңіл бөлу қажет.

  • Ойын терапиясының ең негізгі факторы- ата-аналармен, жақын адамдарымен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас барысында адамдарға деген сенімділік қалыптасады.

  • Баланың ойынына шыдамдылық көрсетіңіз, оның ойнағысы келген ойынды ойнаңыз, ол оның уақыты арман тілектерін қадағалаңыз.

  • Алдымен балаңыздың жақсы көретін ойынын анықтаңыз, онымен бірге ойнаңыз. Бұндай жағдайда бала сіздің тарапыңыздан алға ұмтылсты байқайды, оны әңгімеге тартпаңыз, тек ойынын бақылаңыз.

Қазіргі психокоррекцияда ойын ересектер арасында топтық психотерапия мен әлеуметтік психологиялық тренингте әлеуметтік жаттығу ретінде қолданылуы

Іс-әрекеттің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ересек қоршаған ортаға деген қатынасын баланың өзіне алған рөлі арқылы жанама түрде қатысатын ойын. Ойында баланың мінез-құлқы, ойын барысында (басқа адамдардың міндеттерін атқаратын) өзінің достарына деген қатынасы анағұрлым бедерлі түрде ересектің бағыттаушы бейнесі арқылы жанамаланады. Ойында бала түрлі рөлдерді орындау арқылы бір жағынан әдеп нормаларын меңгереді, екінші жағынан тұлғалық мінез-құлық механизмдері, яғни өзінің мінез-құлқын шынайы елес түрінде берілетін үлгіге бағындыру механизмі қалыптасады. Ойынға бір табан жақын, формасы жағынан түрліше болатын баланың өнімді іс-әрекеті – сурет, илеу, құрастыру. Екіншіден, ересек баланың іс-әрекетін берілетін тапсырмаларды ұғыну арқылы басқаратын, ұйымдастырылатын сабақтар. Бұл жерде педагог түпкі ойы бойынша орындауға қызықты нәрсе ұсынатын, түпкі ойды орындауға көмектесетін және оның қорытындысын бағалай алатын адам ретінде тікелей қатысады. Үшіншіден, бала мен педагог қатынастары жанама түрде берілетін күн тәртібін орындауға байланысты іс-әрекет.


Белгілік функцияның ойын үстінде көрініуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс.
Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы-қонжық, тұтас талы-кірекей (ана аю), шырпы қорабы-қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың- қонжық, шырпы талы-оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды»,-деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер –баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі .Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына да ие болады. Мәслен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген тауарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге құқығы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады. Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын,ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, ауыл, қала өмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ересек пен баланың осындай жаңа қатынастарының орнауы мектепке дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру үрдісі болып табылады. Бала тұлғасының дамуында қарым-қатынас басты рөл атқарады. Себебі, өзінің ең қарапайым тікелей эмоционалдық түрінде ол қоршаған ортадағы адамдармен байланыс орнатуға алып келеді және тұлға мәнін құрайтын қоғамдық өзара қатынастар үйлесімдігінің немесе жиынтығының бірінші компоненті болып табылады. Қатынастардың көрсетілген түрлері бір-бірінен оқшау емес, керісінше бала өзін басқалар арқылы танитын, ал кейде айнаға үңілгені секілді «үйлесімділікті» құрайды; ересектерге заттар арқылы қатынас жасайды, ал заттық әлемге деген қатынасы өзіне және басқа адамдарға қатынасымен жанамаланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет