Тақырыбы: «Ойын терапиясы арқылы балалардың танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ермекқожина Д. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет7/8
Дата07.10.2022
өлшемі95 Kb.
#41806
1   2   3   4   5   6   7   8

«Алақанға жан бітір» ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу.
Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
«Сантики, Фантики, Лимпопо». 
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 


«Көңіл-күй неге ұқсас». 
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
Қорытынды

Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы олардың арасындағы ережелерін түсінуге де араласады.


Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.
Шынайы қарым-қатынас — ортақ істі орындау кезіндегі балалардың серіктестік, жолдастық, ретіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын баладан көпшіл болуды, қарым-қатынас орнату және оны үзбеу үшін өз қылығымен үйлестіре білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді. «Бала ойын ойнағанда өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте де өзін солай көрсетеді. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеудің бірден бір жолы, ол –ойын» деген А.С. Макаренко. Қазіргі қоғамның талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет