Тақырыбы: Оксигемоглобиннің ыдырау сызығы



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133799
1   2   3

Оттегінің қан арқылы тасымалдануы. Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады. Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген от-тегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсат- ымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де оттегі- нің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі.

Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түтелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. Гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның оттегіне каныгу сыйымдылыгы деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180-200 мл. Мұны қандағы гемоглобин мөлшеріне қарап есептеп білуге болады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттег-імен әрекеттесетіні белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы санды 1,34-ке көбейтіп, қанда қанша оттегі бар екенін анықтауға болады, ол 140,0x1,34=187,6 мл/л тең.

Оксигемоглобиннің ыдырауы (диссоциациясы). Қан айналысының үлкен шеңбері капиллярларында оксигемоглобин ыдырап, оттегін бөліп шығарады. Бөлініп шыққан оттегі сол арадағы тінге өтеді. Оксигемо глобиннің түзілуі мен ыдырауы қандағы оттегінің кернеу (меншікті) күшіне байланысты. Оксигемоглобин ыдырауын қисық сызықпен көрсетуге болады. Гемо- глобин сүйықтығындағы оттегінің кернеу күшін (қысымын) біртіндеп жоғарылата отырып, сынап бағанасы бойынша 40 мм-ге жеткізсе, гемоглобиннің 75%-і, ал 60 мм-ге жеткізсе, 90%-і оксигемоглобинге айналады. Оттегінің кернеу күшін одан да жоғары, айта-лық 100 мм-ге дейін көтерсе, оның мөлшері небәрі 10% өседі. Оттегінің кернеу күшіне байланысты оксигемоглобиннің мөлшерін көрсететін сызықты оксигемоглобиннің ыдырау сызыгы дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет