Тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері мен қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі. Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы


Зерттеудің жұмысының әдіс-тәсілдері



бет2/2
Дата31.03.2023
өлшемі161,91 Kb.
#78042
1   2
Байланысты:
Серікова Ұлнар.СӨЖ

Зерттеудің жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды. Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі 1.1 Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері Орхон ЕНисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662 ж.) Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен. 1697 жылы Тобыл қаласының бояры C. Ремезовтың «Сібір қалаларының, шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер атап көрсетіледі. Көне түркі жазба нұсқаларын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы Талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді. Ал Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф.И. Табберт-Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде басылып шықкан «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді.
Сондай-ақ 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралған Д.Е. Мессершмитдің күнделік қолжазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы дректер келтірілген. 1793 жылы П.С. Паллас көне түркі жазба нұсқаларынын кейбір үлгілерін жариялайды. Міне, осы кезден бастап көне түркі жазуларының жаңа дәуірі туды. Оларды жинау, бастыру мәселелері жедел қолға алына бастайды. «Сібір хабарлары» деген журналда Г.И. Спасскийдің «Сібір естеліктерінің жазбалары» атты еңбегі жарияланады. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Г.И. Спассийдің еңбегін сол дәуірдің көрнекті ғалымдары А. Гумбольдт пен А. Ремюза өте жоғары бағалап, ол жөнінде көлемді мақалалар жариялады. Олардың орысша аудармалары 1825 жылы «Азия хабарлары» атты журналда басылып шықты. 1887-1888 жылдары фин елінің көрнекті ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтты, экспедицияның қорытынды материалдары 1889 жылы Гельсентфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық көрді. Бұнда 14 мәтіндік иллюстрация, 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер камтылған еді. 1889 жылы Н.М. Ядренцев бастаған Орсы географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімі экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен ескерткіш тауып, түркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі Күлтегінге, екіншісі - Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіштер еді. Осы ескерткін жайында ғалым А.С. Аманжолов: Ғылым саласында ашылған бұл жаңалық тіл білімінің тарихи-салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіруде мықты қазық болды. Осыдан бастап түркітану ғылымының негі негізгі қаланып, оныәріс алуында жаңа кезең басталды, - дейді [1, 39 б.]. Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 жылы Г. Гейкель бастаған фин және 1891 жылы В.В. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты. Екі экспедицияның қорытынды материалдары өз алдына жеке еңбек болып басылып шықты [2, 7 б.].
Міне, енді еңбектер дүние жүзі ғалымдарының көз құрына айналды. Ескерткіштердің тылсым сырын ашып, оларды оқу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бірақ ғалымдардың алғашқы ізденістері тым сәтсіз алқталды. Жазулар жөнінде олардың арасында әрқилы теріс пікірлері мен қате болжамдар өріс ала бастады. Мысалы, бұл ескерткіштерді Т. Байер ескі кельт жазуына, Тихзен гот жазуына, А. Ремюза усын, индокот, скандинавия елдері жазуына, Г. Спасский қалмақ, не монғол жазуына, Роммель скиф халықтары жазуына, Ю. Клапрот грек жазуына, Ж. АСпелин фин жазуына, Г. Ксенофонтов якут жазулары түріне жатқызады. Қалай болған күнде де белгісіз жазулардың сырын ашып, оларды оқып, қай халықтікі екенін айыру ғалымдарға үлкен тарихи міндет жүктеді. Жазулардың кілтін тауып оқи қою, әрине, оңай дүние емес еді. Жазуды қалай оқу керек, оңнан ба, жоқ керісінше ме, ол буын жазуы ма, жоқ дыбыстық жазу ма, олардың дауысты, дауыссыздары қайсылары деген ойлар ғалымдарды талай әуре-сарсаңға салды. Белгісіз жазуларды оқып, талдау (расшифровка жасау) Дания елінің ғұлама ғалымы В. Томсеннің үлесіне тиді. Ол ең алдымен ескерткіштердегі кейбір таңбалардың басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе бар екендігін анықтады. В. Томсен жазуды солдан оңға қарай емес, керісінше оңнан солға оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді және ескерткіштердегі таңбаларды салыстырып, онда 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. Сөйтіп, данышпан ғалым 1893 жылы 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз, құпия болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзі алдында дәлелдеп берді. B. Томсеннің бұл еңбегін В. Розен 1894 жылы орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. В. Томсеннің түркология мәселелеріне арнап жазған еңбектері онша көп емес, бірақ түркология ғылымы алдында оның ашқан жаңалығы, табасы аса ірі жетістік деп бағаланды. Ғалым ежелгі түркі жазуларының сырын ашып, оны оқумен ғана қанағаттанып қойған жоқ, ол сондай-ақ бірсыпыра Орхон ескерткіштерінің аудармаларын жасап, кезінде оны жұртшылыққа кеңінен таныстырды. Оның көне түркі ескерткіштері жөнінде екінші еңбегі 1896 жылы Гельсингфорг қаласында жарық көрді. Ол өз еңбегінде Орхон-Енисей алфавиті, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, Орхон алфавитінің пайда болуы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте т.б. жәнінде деректер берді. Сонымен бірге ғалымның бұл еңбегінде VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары мен олардың әдет-ғұрыптары жөнінде кыруар мәліметтер беріледі. Көне түркі жазуларын жете тексеріп, оны зерттеуге айырықша көңіл бөлген ғалымдардың бірі - В.В. Радлов. Ол бірінші болып Күлтегін мен Білге қаған (Мөгилян) ескерткіштерінің аудармаларын жасады. 1894-1895 жылдары Қошо-Цайдам, Онгин және басқа да бірсыпыра үлкенді-кішілі ескерткіштердің аудармаларын жасап, бастырып шығарады. Оның көптеген еңбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне арналды. Көне түркі есерткіштерін зерттеу үстінде В.В. Радловтың оның тілінің біркелкі емес, оның құрамында говорлардың іздері бар екендігін одан әрі анықтай түсті.
Ол өзінің 1912 жылғы «Түркі ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінде ескерткіштер тілінде үш диалектілік ерекшеліктер бар деген тоқтамға келеді. Олар: 1) ежелгі солтүстік диалектісі (бұған, түркі тілдерін жатқызады); 2) ежелгі оңтүстік диалектісі (оған ұйғыр тілін жатқызады); 3) аралас диалекті (бұған батыс және шығыс көне түркі тілдерін жатқызады). В.В. Радлов Орхон-Енисей ескерткіштері тілін зерттеуде елеулі еңбек сіңірді. Бұған С.Е. Малов «Академик В.В. Радлов дал все, что он мог дать и дал он очень много. Мало того, не всем известно все то, что осталось не печатанным самим Радловым» [3, 102 б.] деген сөзі толық дәлел бола алады. Түркология тарихында XIX ғасырдың бас кезі Радлов дәуірі деп аталуының да өзіндік сыры бар. Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымдарының бірі - П.М. Мелиоранский. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде 40-тан аса еңбек жазып қалдырды. Сол еңбектерінің жартысынан көбі түркология мәселелеріне арналған. Бұлардың ішінде ең шоқтығы биігі - Күлтегін ескерткішін зерттеген еңбегі. Ол 140 беттен тұрады. Оның кіріспе бөлімінде (1 15-беттер, ескерткіштің зерттеулері мен түркі тайпаларының тарихы, этнографиясы жөнінде қыруар деректер берілген. Кіріспеден кейін ескерткіштің дыбыстық ерекшеліктері, дауысты (15-24-беттер) және дауыссыз дыбыстардың (24-25-беттер) қолданылуы, үндестік зағы (18 бет) т.б. жөнінде бірсыпыра мәліметтер келтірілген. Бұдан кейін ғалым ескерткіштің лексикалық (45- 60-беттер) ерекшеліктері мен Күлтегіннің орысша аудармасы, транскрипциясына ( 129-140 -беттер) ескерткішке байланысты ескертпелерге арналған. П.М. Мелиоранскийдің еңбектерін Н.Ф. Катанов өте жоғары бағалады. Енисей, Орхон және Талас ескерткіштеріне арнап В.В. Радлов, В. Томсен, N.М. Мелиоранский, В. Бартольд, А.Н. Бернштам, С.Е. Малов, С.В. Киселев, И.А. Батманов, Х.Н. Оркун, В. Банг, В.Л. Котвич, Г.И. Рамстед сияқты ұлы ғалымдар көптеген еңбектер жазды. Бірақ бұған қарап VI-VIII ғасырлардағы Енисей, Талас және Талас жазу ескерткіштері жан-жақты түгелдей зерттеліп бітті деген ұғым тумаға тиіс Өйткені өз еңбегінің денін осы ескерткіштерге арнаған С.Е. Малов «Мен өз қолымнан келгенін ғана істедім. Ал алда бұл салада істелетін жұмыстар әлі де қыруар» [4, 3 б.] деген сөзі әлі де күн тәртібінен гүсе қойған жоқ. 1.2 Көне түркі тіліндегі фонетика ғылымы Алфавнтиік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толытырып айтарлықтай көрсеткіші [1, 37 б.]. Ерте заман жазба ескерткіштерінің тілін зерттегенде оның жазуының ерекшеліктері мен тарихын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл ретте, алдымен жазу қолтума ма, немесе өзге жұрттық па, белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін бере ала ма, қандай тілдік өзгерістерге ұшыраған дегендей мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Белгілі түрколог ғалым А.С. Аманжолов: Осы ескерткіштердің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің анғарлары, Моғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің өзендерінің алқбы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екені айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсаса болғандықтан, оның «құпия» таңбаларына балап «руникалық» деп атап кетті, - дегенді айтады [1, 35-36 б.] Ал ғалым Ғ. Айдаровтың еңбегінде: Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің түрі туралы сөз қозғаудан бұрын, онда қолданылған алфавит жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдерінің тарихындағы ең алғашқы алфавит осы жазулар алфавиті болып есептелінеді. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралуы жолдары жөнінде күні бүгінге дейін бір ізділік жоқ. Орхон-Енисей алфавитінің шығуы, түп-төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В. Томсен, В.В. Радлов, С.П. Толстов, П. Мелиорнаский, О. Доннер, Е. Блоше - Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан таралған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша арамей әріптері көне еврей, сирия алфавитімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай В.В. Радлов, C.В. Киселев және И.А. Батманов жазуды шығыстан емес, бастыстан келген болуы керек деп топшыласа, тарихшы С.Г. Кляшторский бұл алфавитті Орта Азияға арамей алфавитін қолданған иран тілді батыс көршілерден ауысуы ықтимал, әсіресе, «Дуньхуандық көне соғды» алфавиті негізінде пайда болған» деген пікірді қуаттайды, кездестірдік [2, 41 б.]. ғалымдардың пікірлерін Г.И. Спасский, М.А. Кастрен және Г. Вамбери Енисей шатқалдарынан табылған жазуларды Сібір татарларының ру таңбаларымен сәйкес алып қарады. Бұл пікірді Н.А. Аристов пен Н.Г. Малницкий де қостады. П.М. Мелиоранский Енисей және Талас жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкін деген пікірді мүлде теріске шығармайды. Г. Вамбери Орхон-Енисей алфавитінің ерекшеліктері жөнінде айта келіп; «бұл алфавит ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерінзерттеу мүмкін емес» деп қарады. П. Мелиоранский болса, керісінше, Енисей, Орхон және Талас алфавитін сол кездегі «түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады. Түркі халықтары қолданған ұйғыр, араб жазуларымен салыстыра отырып В.В. Бартольд түркі тайпаларының Орхон-Енисей алфавитін кең түрде пайдаланғанын, оның үндестік жағынан ұйғыр, араб алфавитінен әлдеқайда тиімді екендігін атап өтеді. Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі - Талас жазба ескерткіштері. В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, С.Е. Малов сияқты ғалымдар Орхон жазуымен салыстырғанда Енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде И.А. Батманов былай деп жазады: «Они имеют лишь стилистические отличия, связанные с тем, что енисейские намятники отражают более архаичную разновидность букв, a орхонские - более позднее, характеризуются отработанным изображением, эволюционировавшим около двухсот лет». Енисей Орхон және Талас жазуы сонау Табғаш іргесінен басталып Орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап кең жайылған. Осыған орай бұл жазулардың өзара толып жатқан ұқсастық жақтарымен қатар олардың арасында жазылу (графикалық) ерекшеліктері де кездеседі. Солай бола тұрса да, Енисей, Орхон және Талас жазулары қалай болса, солай оқыла беретін жеңіл-желпі жүйесіз жазу еме. Оны кез келген кісі оки алмайды. Оның өзіндік фонетикалық ерекшеліктері бар: таңбалардың бір-бірімен тіркес келетін де, келмейтін де ерекшеліктері болады, жазуда әрбір дыбыс кем дегенде бір, не болмаса әлденеше таңбалар арқылы беріледі. Қ дыбысы таңбалары арқылы берілсе, п дыбысы тек бір-ақ таңба арқылы беріледі. Ал керісінше кейбір дыбыс тіркестері бір таңба арқылы ғана беріледі. Мысалы, ЛТ - баш , 27 б.Т [1, 56 б.] немесе Кейбір дауыссыз дыбыстардың таңбасы жуан айтылатын дауыстылармен тіркесіп келгенде бір түрлі, жіңішке айтылатын дауыстылармен тіркесіп келгенде екінші түрлі болып өзгеріп отырады.
Қорытынды
Дүнне жүзі халықтары сиқты түркі халықтарының өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді. Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін көпшілікке, оқушылар қауымына жеткізу, - кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі.Түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өздері жасап, артында өшпес мұра етіп қалдырған жазба нұсқалар білеміз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени мұра болып есептеледі. Көне түркі тіліндегі фонетика жүйесі бұл бүкіл түркі халықтары лингвистикасының алғашқы баспалдағы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. - Алматы, 1996. - 127 б.
2. Айдаров Г.Көне түрк түркі жазба ескерткіштер тілі.- Алматы, 1986. - 180 б.
3. Малов С.Е. Памятник древнетюркской письменности, - М., Л., 1954. 223 с.
4. Малов С.Е. Енисейская писменность тюрков. Изд. АН СССР. 1952. м. л.,
5. Дыйқанов Қ. Қырғыз тіліндегі үндүүләр. - Фрунзе, 1959.
6. Поливанов Д. К вопросу о долгих гласных в общетюркском праязыке. «ДАН СССР», 1927.
7. Батманов И.А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. -Фрунзе, 1959.
8. Рясянен М.Материалы по исторической фонетике тюркских языков. - М., 1955.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет