Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекенім» Сынып сағатының мақсаты



бет3/5
Дата30.04.2022
өлшемі37,48 Kb.
#32945
1   2   3   4   5
2. Ойланайық, пікірлесейік. «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе? Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?

Жаңа ақпарат. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет