Тақырыбы: Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату Орындаған: Жумабекова П. Б. 2021 жыл Кері байланыс


Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар



бет2/3
Дата26.06.2022
өлшемі257,48 Kb.
#37325
1   2   3
Байланысты:
кері байланыс

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.

  1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.

  2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен…………. БІЛЕМІН,

2-ші баспалдағы Мен ………… ТҮСІНЕМІН,
3-ші баспалдағы Мен …………… ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.

  1. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат. Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет