Педагогика әдіснамасы – педагогика біліміжөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.
Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы , бұл педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастардың қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: педагогикалық тәжірибені оқу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.
Педагогикалық тәжірибені оқу әдісі – бұл оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесінің нақты құралатын зерттеу тәсілдері. (мысалы: мұғалімдердің озық тәжірибелері). Мынадай әдістерде қадағалау, әңгіме, сұхбат, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстары мен педагогикалық құжаттарды оқып зерттеу қолданылады.
Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқумен байланысты: классиктердің адамтану, жалпы педагогика жөніндегі еңбектері; жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын; мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар.
Математикалық және статистикалық зерттеулер педагогикадаалынған деректерді сауал және тәжірибе әдістері арқылы өндеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қолданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді. Математикалық әдістердің педагогикада ең көп қолданылатын – тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелер кесте, графика, таблица түрінде мөлшерлік кіріптарлықты көрсетіге мүмкіндік тудырады.
Педагогикалық ақиқат мәні, оның өкілдері жүзеге асыратын және педагогикалық деп аталатын қызметпен айқындалады. Бұл адамзаттың жинақталған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан кіші буынға беруге бағытталған, тұлға дамуына жағдай тудыратын және қоғамға белгілі бір рөл атқаратын әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Бұл қызметті тек педагогттер ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. жүзеге асырады. Осның барлық жиынтығы педагогикалық ақиқатты құрайды.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериметті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименнің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудіңобъектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар (даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар, т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |