Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.Сынып 2 топқа бөлінеді.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар.Сіздерді Ұландар мерекесімен құттықтаймыз!
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау- әр азаматтың парызы.
1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы күштерін құру туралы» жарлыққы қол қойды. Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді, Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл.
Құрметті біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен Және 9 Мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар.
Видео ролик көрсету.
Мұғалім: Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым білгің келе ме?
1-оқушы Әуелгі Отан - ана алды, оттың басы
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы
2-оқушы Отан дейміз от жаққан жерімізд
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
3-оқушы Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
4-оқушы Отан – тарих, Отан тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан – өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ер даңқын
5-оқушы Отан сенің ата- анаң
Отан – досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң
Отан аудан ауылың
Хормен: Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
Мұғалім: Егеменді Қазақстан біздің еліміз,жеріміз. Отанымыз тіліміз, дініміз.Ал біз өз
Отанын сүйетін, бойында намысы бар, ұлтжанды азамат боламыз деп сөз береміз.
Ән: «Отан».
Ал ендеше ортағаәр топтан екі ұлды шақырамыз. Қазір сіздер күштеріңізді сынайсыздар. Ойынның аты «Кім мықта?».Қол күрес.
Мұғалім: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Отан - жерім, Отан - суым, Отан - қуат, нәр береді. Отан - ұран, Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді.
Отан үшін жанымызды береміз, Отан үшін барлығына көнеміз. Отанның да,ананың да алдында, Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Кең жазық Отан мекенім, Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым, Мұны біліп өтемін.
Туған жерде толамыз, Ертең жігіт боламыз.
Отан - ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз.
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп «Бала тілегі» әні. Келесі ойың Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу.
1.Оттанда ыстық, ол не..? ж/ы: (отан)
2.Әскерге барғандағы мақсатымыз нені қорғау..? ж/ы: (отан)
3. Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа).
4. Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су).
5. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен қар).
6. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап.
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (Ағаш).
Мұғалім:Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі,
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы.
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Келесі ойын «Өнерлі бала». Ортаға ұлдар шығады. Таңертен қарындастарыңның шашын қалай жинайсыздар? Ең әдімі шаш үлгісін көрсету.
Мұғалім:Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп құрметті біздің ұлдар сендерге қыздар атынан шағын сыйлық сыйлағылары келіп тұр. Қазір мен ортаға бір бірден шақырамын.
Ең салмақты Нурислам
Салады әдемі сурет.
Алимжан біздің ақылды,
Сандарды тез санайды.
Саламат біздің ерке,
Тұрады таңертен ерте.
Дияр біздің тәртіпті,
Ұғады тез сабақты.
Ералы біздің ұқыпты,
Дәптерге қатесіз жазады.
Кіп-кішкентай Марлан,
Ақырғы сапта тұрады.
Самат біздің өнерлі,
Қыздардан артық билейді.
Нурали, Әділ, Дидар
Біздің ұлдар салмақты.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» .
Мұғалім: : Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9- мамыр –Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келеді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.