Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті Экономика, басқару және құқық факультеті
Экономика, қаржы және есеп кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі
Дайындаған: Намуратов Ч
Қабылдаған: Сапарова
Түркістан 2023
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Сақтандырудың әлеуметтік және оның түрлері
2 Сақтандыру нарығының дамуы, сақтанушының мүддесін қорғау.
3 Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Cақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда. Мысалы, Швециядағы сақтандыру ісі жөніндегі заң зор қызығушылық туғызуда. Мұнда сақтандырудың әр түрі бойынша заңдар қабылданады. Иран, Пакистан және Туркиядағы сақтандыруды дамыту бұл елдердегі экономикалық дамумен қатар жүргізіледі. ОЭС – тің қайта сақтандыру қоры 1967 жылы аймақтың ішіндегі капитал көлемін өсіру және де одан щетел валютасын жұмсау мөлшерін азайту үшін осылайша құрылған. Көптеген елдерде сақтандыру капиталыныңайтарлықтай мөлшері шетелдерден келіп түседі. Мысалы, ағылшын сақтандыру нарығына өзге елдерден келіп түсетін сақтандырудың сый ақшасы 32%, Германияда басқа елдерден түсетін жыл сайынғы сақтандыру сый ақшасының өсу қарқыны 8 – 10% шегінде. Бұларда өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, автомобильдерді сақтандыру үшін оңды жағдай қалыптасқан. Бұл жерде әсіресе, Мюнхендегі, Кельндегі қайта сақтандыру қоғамдары айтарлықтай роль атқаруда.
Екінші бөлімде ҚР – да сақтандыру нарығының дамуы мен оны мемлекеттік реттеу мәселелеріне тоқталдым. Яғни, 1991 жылдың 22 қаңтарында ҚР – ның Министрлер Кабинеті өзінің Қаулысымен мемлекеттік сақтандыру органдарын финанстық жүйенің ұйымдық құрылымын шығарды. Осылайша олар жергілікті орындарда өздерінің бөлімшелері бар дербес мемлекеттік ұйым болды. Компания нарықтық сақтандыру жағдайында мемлекеттік міндетті және ерікті сақтандыруды жүргізіп, толық шаруашылық есеп пен өзін — өзі қаржыландыру негізінде жүзеге асады. Компания өз қызметінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік сақтандыру туралы заң актілерін, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулыларын, өкімдерін, Жарғыларын басшылыққа алады. Компания басқармасы сақтандыру қызметінің мәселері бойынша нұсқаулар мен ережелер басып шығарады, компанияның кірісі мен шығысының пайда балансын жасайды, т.б. жұмыстар атқарады. Сақтандыру нарығын ұйымдастыру оңай іс емес, ол экономикалық даму заңдарын, сол секілді қаржыны жақсы білетін мамандарды талап етеді. Сақтандыру нарығын құруды арнайы сақтандыру туралы заңға негіздеу керек, онда сақтандыру нарығына қатысушылардың бәрі үшін тең жағдай жасауға бейімделіп, әсіресе сақтандыру ісіндегі аса қауіпті авантюризмнің пайда болуына мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VIII сессиясы ( 1992 жылы) «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заң қабылдады, ал Х сессияда бұл заңға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Осы Заңмен:
сақтандыру шартын жасасу мен орындау барысынды туындайтын сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қатынастар;
сақтандырушылармен мақтанушылардың сақтандыру қатынастарынан туындайтын үшінші бір адамдармен қатынастары реттеледі.
Медициналық және әлеуметтік сақтандыру қатынастары арнаулы заңдармен реттеледі. Сақтанушының заңға қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды. Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды ұйымдар сақтандыру қорғанысы құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен, заңды ұйымдарымен бірдей пайдаланады. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер сақтандыру төлемдеріне кірмейді. Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен төленуі мүмкін. Сақтанушы алған сақтандыру сомасына және сақтандыру өтеміне салық салынбайды. Сақтандыру сомасын уақытылы төлемегені үшін сақтандырушы сақтанушыға мерзімі өтіп кеткен әр күн үшін төлеуге тиісті соманың:
нақты адамға — 0,2%
заңды ұйымға – 0,1% мөлшерінде өсім төлейді.
Заңды алғаш рет тәжірибеде қолдануға кіріскеннен – ақ, оның кемшіліктері мен олқылықтары айқын байқалды. Біздіңше сақтандырудағы кемшілігін болуының басты себебі, тәуелсіз мемлекеттік қадағалауының болмауы.
Үшінші бөлімде, қазіргі таңдағы сақтандыруды жетілдіру жолдары деп аталады. Нарықтық экономикаға өтуге қарай келтірілген заңның орнын толтырудың, табыс тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде сақтандыруға үлкен көңіл бөлініп отыр. 1995 – 1997 жылдары сақтандыру нарығының өсуі мен дамуын көрсететін нақты қызметімен айналысу құқығы 22 компанияда болса, ал 1997 жылдың орта шенінде жалпы жарғылық қоры 1084,5 млн теңгені құрайтын 58 сақтандыру ұйымының лицензиясы болды. Әзірге Қазақстанда сақтандыру компанияларын тек екі ұйымдық – құқықтық формада ғана — жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және акционерлік қоғамдар ретінде ғана құру мүмкін болып отыр. Бүгінгі күні республиканың сақтандыру нарығындағы сақтандыру делдалының қызметті лицензиялау, сақтандыру делдалының міндеттерін және қызмет түрлерін анықтау керек.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарынкеңейтуге мемлекетте мүдделі.Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды ұйымдар мүдделерін сақтандыратынжағдайлар салдарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |