Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.
Баланың сенсорлық дамуы– бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б.
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. «Білім – таусылмайтын кен.» - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету.
ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласын ақпараттандырусыз, компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Компьютерлендіру немесе ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бірнеше артықшылықтары бар. Атап айтар болсақ:
- Ақпараттың ойын түрінде компьютер экранында көрсетілуі балалар тарапынан қызығушылық тудырады;
- Қимыл, дыбыс, анимация түріндегі мультимедиялық оқу материалына баланың назары ауады;
- Баланың танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі;
- Компьютер алдында дербес әрекет ету арқылы баланың бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады;
- Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке оқыту түрі жүзеге асады;
- Оқу материалын меңгеру барысында есте сақтау жады жаттығып, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Бүгінгі таңда зерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады.
Баланың қолының жазу-сызуға бейімделуі үшін түрлі кескінді суреттердің, бояудың, сурет салудың үлкен көмегі бар екенін білеміз. Осы мақсатта арнайы дамытуға арналған бояуға арналған компьютерлік бағдарламалар немесе кәдімгі «Paint» графикалық редакторын пайдалануға болады. Зердесі бұзылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы сайттарда балалардың зейінін шоғырландыру мен тұрақтандыруға қатысты түрлі ойындар беріледі. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қойылымдардың маңызы мен мазмұны туралы баспасөз материалдарында да жарық көруде. Бала зейінінің өзге нәрсеге алаңдамай, тұрақтануында қолданылатын ойындардың бірінде экрандағы ойын алаңының жоғарғы жағында бірнеше секунд көлемінде аңдар пайда болады. Нашар көретін білім алушылар үшін көз жүктемесі үзіліссіз 15 минуттан аспауға тиіс, көз жұмысы кезеңдері арасындағы тынығу кем дегенде 5 минутты құрауға тиіс.
Нашар көретін және көрмейтін балаларды оқыту кезінде «Оқу және жазу арқылы сындарлы ойлауды дамыту» стратегияларына шығармашылық тұрғыдан келу қажет:
1. Оқушылардың мәтін оқуын оқитын машинадан, диктофоннан және т. с. тыңдаумен алмастыру арқылы «Джиксо» әдісін бейімдеу, түрін өзгерту.
2. Инсерт кестесін толтыру: көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың сәйкес тұжырымға арналған барынша жарамды бөлімі берілген мәтінмен ауқымды жұмыс кезіндегі не нашар көретін балалар үшін түстік гаммамен, не мүлдем көрмейтін балаларға арналған бедерлі-нүктелі қаріппен өнімді қызметі мақсатында. Кестелерге тезистерді жазудың қажеті жоқ, керісінше дайын, сәйкес қаріппен және түспен терілгендерді мозаикалық тәртіпте орналастыру, тақырып бойынша тұжырым жасау уақытын өнімді қолдану керек.
3. Аппликация түрінде кестені ресімдеу үшін ұсынылғандар қатарынан тиісті тезисті таңдауға мүмкіндік беру, бұл «Әткеншек» және «Жәрмеңке» стратегиясына сәйкес келеді.
Қорыта келе, Ұлы педагог Ян Коменский: «Дидактиканың алтын ережесі - көрнекілік» деп орынды айтқан. Қазіргі кезде көрнекіліктің барлық түрін ақпараттық технологиялар беруде. Ақпараттық технология – балалардың қажетті білімді, дағдыны игеруіне таптырмас көмекші құрал. Зердесі бұзылған балаларды түзете отырып оқыту процесінің тиімділігін арттыру үшін ақапараттық технологиялар мүмкіндігін мейлінше мол қолдану – ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан әр педагогтің міндеті.
Бекіту сұрақтары: Сенсорлық бұзылысы бар балалардың денсаулығында қандай ерекшеліктер бар?
Компьютерлендіру немесе ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың артықшылықтары қандай?
Сенсорлық жүйеге қандай рецепторлар жатады?
Үй тапсырмасы: Бояу,сурет салу, жазу- сызудың балаларға қандай көмегі бар?