▶ Шоқан Шығыс халықтарының салт-дәстүріне, әдебиетіне және тарихына қатты қызығушылық танытты. Ғылыми сапарларында, экспедицияларында ел ішіндегі халық әндері мен эпостарын теріп жазды, аңыздар мен әңгімелер жинақтады. Оның ғылыми экспедицияларының маңызды нәтижесі – ғалымға және көпшілік қауымға жарты миллион жолды құрайтын қырғыз ауыз әдебиетінің ең үлкен ескерткіші – «Манас» жырын алғаш ұсынуы еді. Ол эпостың жеке тарауларын жазып, кейіннен орыс тіліне аударған алғашқы зерттеушісі болды. Сапарларында, экспедицияларда жинаған материалдарды ол отандық шығыстану ғылымының алтын қорына енген «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады.
Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз,неміс, орыс және түрік тілін жетік білген. Шоқан француз халқының ҮІІІғ. Роланды туралы жырын, Грецияның «Илладасы» мен «Одессеясын», үндінің «Рамаянасын», кавказдың «нарттарын», қарақалпақтың «Қырық қызы» мен қырғыздың «Манасын» зерттеп, олардың мазмұнымен толық танысқан. Шоқан 1856ж. М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды. Ғалым осы сапарында Манасқа назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді.
Кейінірек «Манасты» айтушылардан негізгі нұсқасын жазып алып, «Көкетай ханның асы» деген тарауын алғаш рет орыс тіліне аударады.
▶ «Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі – дала
«Иллиядасы» десе де болғандай деп Шоқан бұл жырды жоғары бағалаған.
▶ Шоқанның айтуынша, Манас ноғайлының Талас пен Шу бойында көшіп-қонып жүрген бір руының биі Жақып байдың баласы. Манас жыл санап емес, күн санап өседі, он алты жасқа келгенде аты шулы батыр болады. Ақ жүзі ақша қардай хан қызы Қаныкейді алғанына місе тұтпайды. Қалмақ ханының шашы өкшесіне жететін сұлу қызы бар деген хабарды естіп, Манас өзінің қарт әкесін сол сұлуға айттырып келуге жұмсайды. Хан бұған намыстанып: «Менің қызыма ханның ұлы лайық, сенің ұлыңа бидің қызы лайық» - деп жауап қайтарады. Жақыптың ұлы жас Манас қалмақтың ханынан қорқып тайсалмайды, сөйтіп ол
қолына қару алып, соғыс бастайды да, ұзын шашты сұлуды күшпен тартып алады. Поэманың жалпы сипаты міне осындай.