Сынықты таужыныстарды сипаттағанда олардың керішіне үлкен көңіл бөлінеді. Керіш деп шөгінді таужыныстағы сынықтарды біріктіретін аутигендік не үгінді материалдарды айтады. Керіш бір немесе көп минералды болады.
Бір минералды керіштердің арасында кең тарағаны кальцитті, фосфатты, опалды, гидрогетитті, сиректеу кездесетіндері - доломитті, кварцты, халцедонды, глауконитті, гипсті түрлері.
Полиминералдыларға сазды-қальцитті, глауконитфосфатты, сазды-гидрогетитті т.б. жатады.