Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Сөйлеу қабілеті бұзылған баланың оқу жетістігін
критериалды бағалау технологиясы
Қабылдаған: Үмбетова А
Орындаған: Б.Сұлтанәлі
Түркістан 2023
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың категориясы әр түрлі. Сөйлеу тілінің кемшіліктері пайда болу уақытына қарай бірінші және екінші кемшіліктер түрінде сипатталуы мүмкін. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына коммуникативтік және танымдық функциялардың бұзылуымен анықталатын психофизикалық кемшіліктер жатады. Г.В.Чиркина балалар мен жас өспірімдер арасындағы тіл кемшіліктерін түрлі аспектіде былайша қарастырады:
сөйлеу әрекетінің психофизикалық жағының бұзылуы (сенсомоторлы деңгейі, сөздің мағынасын түсіну деңгейі);этиопатогенездік тұрғыда сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің органикалық және функционалдық себептері; Қазіргі уақыттағы сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің клиникалық-педагогикалық классификациясына сүйенсек, былайша тізбектеледі:Ауызша сөйлеудің бұзылуы:Сөйлеудің фонациялық бейнесінің бұзылуы;афония, дисфония — дауыстың болмауы немесе бұзылуы;брадилалия — сөйлеудің патологиялық баяулауы;тахилалия — сөйлеудің жылдамдығы;тұтығу — сөйлеу аппараттарындағы бұлшық еттердің құрысуынан сөйлеудің бұзылуы;дислалия — дыбыстарды айтудың бұзылуы;ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысының бұзылуы;дизартрия — сөйлеу аппаратындағы органикалық кемшіліктердің әсерінен дыбыстарды айтудың бұзылуы.Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық жағының бұзылуы:алалия — бас миының сөйлеу зоналарындағы қабықтық бөлімдердің органикалық зақымдануынан сөйлеудің болмауы немесе дамымауы;афазия —бас миының белгілі бір аумақтарының зақымдануынан сөйлеу тілінің жартылай немесе толықтай жойылып кетуі;Жазбаша сөйлеудің бұзылуына мынадай кемшіліктер жатады дислексия (алексия) — оқудың жекелей немесе толықтай бұзылуы;дисграфия (аграфия) — жазудың жекелей немесе толықтай бұзылуы.Психологиялық-педагогикалық классификация лингвистикалық және психологиялық критерийлерге байланысты анықталады.Қарым-қатынас құралдарының бұзылуы:сөйлеу кезіндегі фонемаларды қабылдаудағы жетіспеушілік, ана тілін меңгерудің мағыналық жағының бұзылуы, фонемаларды қабылдау барысында байқалатын кемшілік; жалпы сөйлеудің бұзылуы (ЖСБ 1-4 деңгейде анықталады), оларды сөйлеу тіліндегі күрделі кемшіліктер біріктіреді. Сөйлеу әрекеті кезіндегі қарым-қатынас құралдарын қолданудың бұзылуынан қарым-қатынасқа түсудің кемшілігі байқалады.Тұтығу. Аталған тіл кемшіліктері бар балалар категориясымен жұмыс жасайтын мамандар баланың орталық нерв жүйесінің дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Мұндай ерекшеліктерді бала эмоциясында байқалатын түрлі жағдайлармен, қимылдық қозғалыстағы бала әрекетінің белгілерімен, орталық нерв жүйесіндегі анықталған ауытқулармен, ұсақ қол қимыл моторикасының жағдайымен түсіндіруімізге болады. Аталған ерекше жағдайларды есепке алуда жүргізілген логопедиялық жұмыстардың қорытындысы баланың жалпы білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасайды.Мектеп жасына дейінгі балаларға логопедиялық көмек көрсету мекемелерінің тізбегі:сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған ясли-балабақша, сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған балабақша;жалпы типтегі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған топтар; мемлекеттік білім беру мекемелері;Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тіл кемшіліктерін түзету жұмыстары аралас түрдегі оқыту негізінде жүргізіледі де, есту мен интеллектінің ерекшеліктеріне қарай сараланады.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету;баланы жалпы мектепте білім алуға дайындау;күрделі тіл кемшіліктері бар балаларды арнайы мектептерге оқуға дайындау. Типтік жағдайларға байланысты анықталған логопедиялық топтардағы арнайы кәсіби жұмыстардың мазмұны Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина бағдарламасы бойынша жалпы сӛйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық топтарға екі жылға 5 жастан бастап қабылданады. Топтағы бала саны 10-15 баланы құрайды. Жалпы сӛйлеу тілінің 1-2 деңгейі бұзылған балалар 3 жылға шақталып 4 жастан бастап қабылданады.
Фонемаларды қабылдаудағы жетіспеушілік кезінде балаларды бір жыл уақытқа ересектер тобына немесе дайындық топтарына қабылдайды. Қажет болған жағдайда (дизартрия) кезінде ПМПК мамандарының көмегі қажет болады. Мұндай кезде балаға коррекциялық-педагогикалық көмек түрі екінші рет көрсетіледі. Бұл кездегі топтағы бала саны 12-14 баланы құрайды.Тұтығу кезінде арнаулы топтарға бала 2-3 жастан бастап 8-10 баладан тұратын топтарға қабылданады. Жұмыс бағдарламасы С.А.Миронованың бағдарламасымен құрылады. Жалпы типтегі оқу бағдарламасы Н.А.Чевелеваның бағдарламасымен жүргізіледі. Аталған әдістеменің мақсаты заттық-практикалық әрекеттерге баулудағы логопедиялық жұмыстардың көмегімен мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, конструкциялауға баулумен жүргізіледі.Мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дәстүрлі түрде ойын, еңбекке баулу, дене тәрбиесі мен музыка, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері, конструкциялау бөлімдеріне бөлінеді.Негізгі бөлімдер туралы айтсақ, тіл дамыту бөлімі сөйлеудің құрылымдық компоненттерінің барлығын қамтып, танымдық қабілеттерді дамыту жұмыстарын, коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырады.
Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар (Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, Г.А.Каше, Н.А.Чевелева, С.А.Миронова және т.б.)тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады:құрылымдық — тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру;функционалдық — қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту; когнитивтік — тіл мен сөйлеудің бірлігін түсіндіру, сөйлеудегі себеп-салдарды анықтау. Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі кезіндегі логопедиялық жұмыстардың әдістемесі былайша құрылады:оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерімен байланысы;тілдік материалдарды ситуациялы-тақырыптық деңгейде қабылдау;сөйлеуге үйретудегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.V түрдегі мектептерде сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық жұмыстар жалпы сөйлеу тілінің 2-3 деңгейдегі бұзылуы анықталған (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, дислексия, дисграфия, тұтығу) балалармен жүргізіледі.Сыныптардың толымы 12 бала. V түрдегі сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған түзету мекемесі екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімге жалпы сөйлеудің күрделі кемшілігі (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, тұтығу) бар балалар қабылданады. Оқушылар арнаулы бағдарлама бойынша білім алады. 10 жыл ішінде жалпы білім беретін мектептің 9 жылдық білімін игереді.Екінші бөлімге күрделі түрдегі тұтығу белгіленген балалар қабылданады. Мұнда оқушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын нормативтік уақытқа сай (жалпы білім беретін мектептің уақытына) игереді.Сөйлеу тіліндегі кемшіліктері түзелген балалар ПМПК мамандарының қорытындысымен кез-келген уақытта жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылады.Бастауыш білім беру кезінде мұғалім-логопедтердің қызметі ұйымдастырылады. Арнайы мектепте жұмыс жасайтын, яғни жалпы білім беру пәндерін игертудегі мұғалімдер арнайы курстардан өтуі керек. Коррекциялық логопедиялық жұмыстарды тіл мамандығын игерген «мұғалім-логопед» біліктілігі бар мамандар жүзеге асырады. Сонымен қатар емдік-сауықтыру жұмыстары, психологтың қызметі, басқа арнаулы мамандардың қызмет түрлері көрсетіледі.Жалпы білім беру мекемесіндегі логопедиялық пункт жұмысының ұйымдастырылуы арқылы 1 қыркүйектен 15 қыркүйек аралығында, 15 мамыр мен 30 мамыр аралығында жалпы сөйлеу тілі бұзылғнадар, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі анықталған балалар қабылданады. Логопедиялық пункттердегі баланың саны қалалық жерлерде 25 адамнан, ауылдық жерлерде 20 адамнан тұрады. Әр топтағы сабақтар жеке түрде 4-5 адамнан жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы — 40 минут, жеке сабақтардың ұзақтығы — 20 минутты құрайды. Логопедиялық пункттегі логопедтің дайындайтын құжаттары: ПМПК мамандарының қорытындысы бойынша толтырылған хаттама, сөйлеу картасы мен жеке жұмыс жоспары, тіркеу журналы, перспективті және күнтізбелік жоспар, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары. Сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық қызмет түрлерін денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеттерде, емханаларда, стационарларда, балалар ауруханаларында қабылдай алады.Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастырылатын логпедиялық жұмыстардың мазмұнын жүзеге асыруда ғы логопедтердің кәсіби әрекеті:жүйелі түрдегі кеңес беру бағытында ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар арқылы сөөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, жоюға бағытталған педагогикалық (логопедиялық) жұмыстарды жүргізу;сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтау, балалардың ПМПК мамандарының тексеруіне жіберілуін қамтамасыз ету;мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың профилактикалық тексеруден ӛтуін бақылауға алу;ата-аналармен, педиатр дәрігерлермен, балабақша тәрбиешілерімен санитарлық-кеңес беру жұмыстарын жүргізу.Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігіСөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді. Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.
Туа пайда болатын кемістікке жататындар:
прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;
прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
тістердің дұрыс орналаспауы;
еріннің түрлі кемістіктері;
таңдай параличі;
Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:
сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.
Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.
Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия.
Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.
Ринолалияның түрлері:
Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.
Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.
Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.
Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.
Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады.Мысалы, «хейлопластика» — бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция«Уранопластика» — жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.
Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,
2008
Достарыңызбен бөлісу: |