1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету
2. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: презентация, суреттер, кейіпкерлердің костюмдері, күй, қоңырау.
- Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?
- Ия, ол Ыбырай Алтынсарин.
- Ендеше баллалар бүгінгі шарамызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы –ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз.
Көрініс: Ы .Алтынсарин бейнесінде сыныпқа кірген оқушы қазақ даласында сол кездегі мектептің ашылуы туралы ойын көрініс ретінде оқушыларға жеткізеді.
Оқушылар: Кел, балалар оқылық! Жатқа оқу.
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның өмірбаянына арналған. Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты. Топқа бөлу
Балалар , алдарыңда екі түсті кәмпиттер қойылады, сол бойынша топқа бөлеміз. Қане, олай болса екі топқа бөлініп отыра қалыңдар.
1. Кластер құрастыру: көрсетілген слайд бойынша екі топ Ыбырай туралы кластер құрып, соны қорғайды.
Жүргізуші:
Би: Бялт София «Қамажай» биімен
2. Төл дыбыстарды қатыстыра отырып сөздер құрау, сөздерден сөйлем құрау.
Жүргізуші. Екі топ тапсырманы орындап болғанша ұалған оқушылармен ұстаздар туралы нақыл сөздер айтудан шағын жарыс ұымдастырылады.