Тақырыбы: Табиғат аясында



Дата25.11.2023
өлшемі16,33 Kb.
#126117
Байланысты:
табиғат аясында




Тақырыбы: Табиғат аясында
Мақсаты: 1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. 
2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу. 
3. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап,, талдау, ой шақыру, топтық жұмыс т. б
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд «Табиғат аясында»табиғат туралы даналық сөздерн.

Барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Мұғалім сөзі: Қадірменді ұстаздар, ата - аналар. Бүгін 2 Б сыныбында экологиялық тәрбие бағытында «Табиғат аясында» атты ашық сынып сағаты ұйымдастырылып отыр. Тәрбие шараның мақсаты - табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу

ІІ. Кіріспе. "Адам -- табиғат перзенті"
–Күнделікті киіп жүрген киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз -- осылардың бәрі табиғаттың бізге тартқан сыйы. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз табиғатты қорғау жөнінде болмақ.
Табиғат - адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс - дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп - баптайды.
"Адамның екі анасы бар: бірі - туған анасы, екіншісі - табиғат. Сондықтан табиғатты аялай білейік.
Оразәлі:
Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың сан жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, өрең жетпес шексіздігімен, ал кейде мизамдай нәзіктігімен қайран қалдырады. Тек қайран қалдырып қана қоймайды, өз бауырындағы тіршілік атаулыға жайылып төсек, иіліп жастық болып, ең асылын солардың аузына тосады.
Мұндайда табиғат жаны нәзік, мейірімі мол, ерекше төзімді де бейнетқор анаң сияқты болып көрінеді.
Адамзат баласы үшін табиғат -- кең сарай, мәңгі тозбас баспана. Демек, өз төріңнің басындағы тәртіп пен тазалықты қалар болсаң түптеп келгенде табиғатпен санасу, оған қамқор болу - адамзат баласының асыл парызы. "Балыққа - су, құсқа ауа, аңға - орман - тоғай, тау - дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет.
Ал табиғатты сүю -- Отаныңа қамқор болу деген сөз" Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жетілуіне орай, табиғатқа деген қамқорлық та ерекше қажет болып отыр."Қазақстан -- 2030"бағдарламасында Елбасымыз: "2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады -- деп атап көрсеткен еді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның төл міндеті. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

ІІІ. Негізгі бөлім
Енді «Табиғат үн қата алса» атты бейнебаянды тамашалайық
Табиғат ана
Табиғат - ананың Жер, Су, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
– Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,-- деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан - жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?-- дегенде Табиғат - ана:
- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.
Мұғалім сөзі: Енді балалар осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша 3 топқа бөлініп отырмыз.
"Жер" тобы: "Күте білсең жер жомарт"
"Су" тобы: "Су бар жерде, ырыс бар"
"Ауа" тобы:"Ауа - өмір тынысы"

"Табиғатты қорғау – перзенттік борышымыз"
Мәриям:"Жер" тобы: Жер - барша байлықтың анасы. Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр. Жердің қойнауында дәнді дақылдар, жеміс - жидектер өсіп шығады. Тұрмысқа қажетті пайдалы қазбаларды да жерден алады. Жерді баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер - Ананы түлетіп гүлдендіре білу - біздің борышымыз.

Бекжан."Су" тобы: Су жер шарында көгілдір түспен боялған, су сұйық, қатты, газ түрінде болады. Су - тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Халқымыз ежелден - ақ суды қастерлеп, "Сулы жер - нулы жер", Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген.

Әлиасқар. "Ауа" тобы: Ауа - барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. "Ауа - өмір тынысы" деп бекер айтпаған. Адамның жақсы дем алып, дұрыс тынығуына таза ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан - жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. Адамдардың денсаулығына таза ауа өте қажет. Сондықтан ауаны ластанудан сақтауымыз қажет.

ІІІ. "Табиғат - тал бесігім"( Табиғат туралы өлең жырлар айту)
Айша: Сүйейік табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша демалайық.

Айгерім: Тамаша аспан мен жері қандай,
Зеңгір тау, дария шалқар көлі қандай.
Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,
Пайдаланған бұларды елі қандай!
Нұрай. Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Айбике: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың.
Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің – дағы содан тудың - табиғаттың ұлысың

Кәусар: Нұрлы, сулы болмаса,
Қоныс әсем болар ма?
Қаз - үйрегі болмаса,
Көлдің көркі бола ма?
Дуадағы болмаса,
Шөлдің көркі бола ма?
Орман - тауы болмаса,
Жердің көркі бола ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет