Табиғат бұрышындағы бөлме гүлдерінің күтілу ережесі Табиғат бұрышына өсімдіктерді таңдағанда әр түрлі жапырақты гүлдерден таңдайды. Мысалы: үлкен, қалың және тегіс фикустар ұсақ бұтақты пеперами, түрлі-түсті конустар, қоңыр жасыл жапырақтар, түкті фиалкалар, дақты бегония, дөңгелек иран, ұзын жапырақты хлорофитум.
Өсімдіктерді күту және суаруда әртүрлі күтімді қажет етеді. Аспарагус, драцена, фикус гүлдері бүркіп суаруды қажет етеді. Фиалка мен маранту құмыраның астына су құйып қою керек. Құйылған су гүлдің жапырағы мен денесіне тимеу керек. Гүлдерді отырғазу немесе басқа ыдысқа ауыстыру жыл мезгілдеріне қарамайды. (егер ол гүлдемейтін өсімдік болса)Гүлді ескі ыдысынан ауыстырғанда оның жаңа ыдысы бұрынғы ыдысынан 1-2 см үлкен ыдысқа отырғазу керек.Гүлді ескі ыдысынан алу үшін алдын ала су құйып қою керек. (ескі ыдысынан тез шығу үшін.)
Топтағы барлық гүлдер тазалықты талап етеді. Ол үшін аптасына бір рет барлық гүлдерді ‘’монша тәсілімен‘’ тазалау керек. Арнайы қағазбен гүлдердің құмырасын орап тастау керек. Содан соң салқын сумен жапырақтарының үстінен душпен суару керек. Фиалканың жапырақтарына су құюға болмайды. Оның жұмсақ қылқаламмен абайлап жапырағының шаңын тазалау керек. Ал, үлкен жапырақты фикустарды ылғал сүрткішпен сүрту керек. Гүлдердің топырағы қопсытылған болу керек. Жұмсақ топырақтан су мен ауа жақсы өтеді. Гүлдерді суарған соң, ертеңіне ағаш таяқшамен гүлдердің түбін қопсыту керек.
Терезе алдындағы бақша
Балалардың табиғатқа деген қызығушылықтарын сүйіспеншіліктерін оятудың әдіс тәсілдердің бірі. Тәрбиешінің терезе алдына өсімдіктің қойылуын терезе алды бақшасы деп атаймыз. Күз, қыс, көктем мезгілдерінде өсімдіктерді бақылауға арналған тәрбиеші үлкен ыдысқа кішкене бақшаның макетін жасайды. Оған пластикалық стаканға отырғызылған өсімдіктерді егеді. Бұл бақшаны әр түрлі тәсілдермен безендіруге болады. Ол әр тәрбиешінің ұшқыр қиялына байланысты. Мысалы, кішкентай аңдардың пішіндерімен кішкентай ферма немесе шалқан ертегісінімен жасауға болады. Және де ең бастысы отырғызылған өсімдіктерді күтіп баптау балаларға ыңғайлы болу қажет. Макеттің көлемі терезенің көлемінен аспау керек. Қораптың алдыңғы жағы биік болмау керек. Мұндай макеттерді топтағы терезесі ашылмайтын терезе алдына қойған жөн. Егілетін өсімдіктің құрамы: бақшада егілетін өсімдіктер болуы керек. Яғни, пияз, сәбіз, укроп, петружка, фасоль т.б.
Қыс мезгілдерінде бақшаның ішіне шыршаның бұтағы ал көктемде қайынның немесе сиреннің бұтағын қойып, бақылау жасауға болады. Сонымен қатар егілген өсімдіктердің қажетіне қолдануға болады.
Пияздың сабағын, укроптарды кесіп балаларға беруге болады.(тамақ үстінде) Ақпан, наурыз айларында бала-бақшаға гүлдердің тұқымын егіп, сәуір, мамыр айларында ойын алаңына отырғызуға болады. Тәрбиеші терезе алдыңдағы бақшаның жасалуында балалардың көмегіне жүгінеді. Кіші топтарда табиғат бұрышын баптаудың міндеті көбіне тәрбиешілердің мойнына жүктелсе, ересек топтарда тәрбиешілердің балаларды қызықтырып, табиғатқа еңбекке деген сүйіспеншіліктерін ояту және арттыру жағдайында жұмыс жасалады.