Тақырыбы: Табиғат бұрышы: Қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы. Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін


Табиғат бұрышындағы балықтарды қалай күту керек?



бет3/3
Дата23.11.2022
өлшемі2,96 Mb.
#51952
1   2   3
Байланысты:
табиғат бұрышы 2

Табиғат бұрышындағы балықтарды қалай күту керек?
1.Балықтарды күніне бір рет бір уақытта мөлшерлі ыдыстың көлемімен тамақтандыру керек.
2.Арнайы түтікшенің көмегімен аквариумдегі балықтарға ауа жіберіп тұру керек.
3.Аквариумдағы судың температурасы бір қалыпты болу керек, яғни, ысып немесе салқындап кетпеу керек. Үнемі бөлме температурасындағы суды қолдану керек.
4. Аквариум жарық жерде яғни, күнсіз бетте тұру керек.
5.Аптасына бір рет аквариумның суын тазартып тұру керек.
Аквариумге арналған балықтар әртүрлі болады. Табиғат олардан әдемілікті де, түстерді де аямаған. Түстері көз тартар әдемі. Балықтарды бақылауда тамақтандыруда тәрбиеші балалармен бірігіп жүріп жұмыс атқарады.
Аквариумдегі балық түрлері
Табиғат бұрышындағы құстар
Табиғат бұрышындағы тоты құстар өзінің дыбысымен, әдемілігімен, құбылып тұратын даусымен, ашық түстерімен балаларды өздеріне баулап алады. Құстардың өздеріне арналған дәрумендері мен жемдері болады. Олардың жем салынған ыдыстарын және су құятын ыдысын тазартып тұру қажет. Құстарды бақылағанда үлкендер көмегімен бақылау шарт.
Табиғат бұрышындағы гүлдерді күту үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Су құйғыштар, щеткалар, сүрткіштер, қопсытуға арналған таяқшалар табиғат бұрышында кезекшілерге арналған бұрышта тұрады. Бұл жерде балалардың алжапқыштары барлық жұмысқа қажетті заттардың әрқайсысының тұрақты орны болуы керек. Сонымен қатар табиғат бұрышында жыл мезгіліне сай киіндірілген қуыршақ болады.
Табиғат бұрышы әр топтың балалар ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, гүлдер атауы, мұндағы еңбек түрлері, безендіру шаралары әртүрлі болады. Балаларға аса қауіпті, тікенді, улы гүлдерді өсіруге болмайды. Әр топ тәрбиешілері өздерінің топ ерекшеліктеріне байланысты табиғат бұрышын өзгерте алады.
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет