Тақырыбы: "Тактильді және температуралық сенсорлық жүйелер" Орындаған



бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123924
түріАнализ
1   2   3   4
Байланысты:
DOC-20230227-WA0018.

Көру анализаторы

  • Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық

  • сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш
    құрылымдар. Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік
    еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т. б. ) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Ол көз алмасын
    суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына
    байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды.

Есту анализаторы

  • Есту анализаторының шеткі бөліміне

  • - ішкі құлақта орналасқан Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне - дыбыс жүйкесі, қыртыс бөліміне - самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс
    анализаторының ең шеткі бөлімі - құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
    Дыбыс жүйкелері сопақша мида бір- бірімен түйісіп, бағытын
    ауыстырады: оң жақ құлақтан келген
    дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген жүйке қозуды оң жақ самайға өткізеді.
    Дыбыс анализаторының қыртыс
    бөлімі ми қыртысының самай
    тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады . Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал
    ассоциативтік зонаның 22 -аймағы
    бұзылғанда музыкалық керең, 42 - аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.

Сипап сезу (тактильді)

  • Сипап сезу (түйсіну) арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында,

  • алақан менсаусақ ұшында көбірек болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты
    ұстап, саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы козу миға беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • https://baribar.kz/student/8202/sensorlyq- zhuyeler/
  • http://present5.com/sensorly%D2%9B- zh%D2%AFjeler-analizatorlar-fiziologiyasy- zhospary-analizator-turaly/
  • https://baribar.kz/student/4318/sezim- musheleri/

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет