Тақырыбы: Теңге- тәуелсіздік келбеті Тәрбие сағатының мақсаты



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі22,42 Kb.
#107122
1   2   3
Сергіту сәті:
Теңгемін, мен, теңгемін!
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер.

(Оқушылар жұптасып отырады)


VII.Блиц- сұрақтар.
Әр жұпқа сұрақтар қойылады, олар бұл сұрақтарға ойланбастан тез жауап беруі керек.
Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
Бір теңгеде неше тиын бар? (100 тиын)
Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
Әлемнің неше кереметі бар?
Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
Н. Назарбаев ҚР- ның нешінші президенті?
Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
Америкалық доллордың ең үлкен банкноты (100 доллор)
Қырғыз елінің валютасы (сум)
Ресей елінің валютасы қандай?
Ақшаны қайда жинауға болады?
Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?


ІХ. Үнемділік пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көрелік.
Әр топқа мақал- мәтелден үзінді жазылған қағаз беріледі, оқушылар жалғасын тауып жазады.
1. Тамшыдан тама берсе дария болар.
2. Ескі киімді баптағаның , жаңа киімді сақтағаның
3. Түстік өмірің болса, кештік мал жина
Базары жақын-байымас.
4. Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.
5. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
6. Шашу оңай-жинау қиын.
Қорытынды бөлім:
І. Банкоматтан ақша алу арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж 15 қараша)
Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда Харрисон және оның ұлдары атты банкноталық фабрикада)
3. Ұлттық банктің мұражайы қай жылы ашылды? (1997ж 13 қараша)
4. Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)
5. Теңгеге байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіздер?
6. Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылады? (банкнота Алматы қаласында, монета Өскемен қаласында)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет