Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. П.К.Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. Оның нұсқаулары: • өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой; • шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле; • арақ ішпе, темекі тартпа; • аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс; • қоршаған ортаны сүй. Айналаға түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың; • денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес; • бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй; • адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. • жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан; • ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің; • ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр; • іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол". Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.