Тақырыбы:ТМД елдеріне жалпы шолу. Мақсаты: Оқушылар ТМД елдерімен танысады.
Білімділік: Оқушыларға ТМД елдерінің жалпы сипаттамасы,елдерінің құрамы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндеді. Дамыту:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.Патриоттық тарбие беру.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс. 2. Оқулықпен жұмыс. 5. Презентация 3. Сәйкестендіру Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, карта, презентация. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Жаңа сабақ. 1. Оқулықпен жұмыс 2. Презентация көрсету,топтастыру. 3. Кестемен жұмыс. Қорытындылау. IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ.Жаңа сабақ. 1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады. 2.Презентация Топтастыру. Топтастыру арқылы ТМД елдерін түсіндіру.
А) – Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «ТМД елдеріне жалпы шолу»
- Осыған дейін ТМД елдері жайлы не естідіңдер?
Ол қашан құрылды? Қандай жағдайда?
(Слайдтар бойынша жаңа сабақты түсіндіру)
- ТМД елдерінің құрылу тарихы қысқаша:
1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, РСФСР және Украина республикалары Минск қаласында кездесті
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекет өкілдері қатысқан кездесуде тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.
1993 жылы ең соңғы болып Грузия қосылды
- ТМД құрамына қандай мемлекеттер мүше?
Бұл одақтың құрамында 11 мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан.
Түрікменстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достатастығының құрамына бақылаушы ретінде енеді.
2009 жылдың 18 тамызынан бастап Грузия ресми түрде ТМД құрамынан шықты.
Штаб-пәтері – Минск қаласында (Беларусь)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу мақсаты:
Адам құқығының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету
Халықаралақ және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу мақсаты:
Барлық мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістікте тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени қарым –
ТМД құрамындағы мемлекеттердің атауы, астанасы, Президенті, Елтаңбасы, Туы слайдтарда көрсетіледі.
1)Ресей – Мәскеу
2)Қазақстан – астана
3) Беларусь – минск
4) Украина – Киев
5) Молдова – Кишинев
6)Армения – Ереван
7) Әзірбайжан – Баку
8) Түрікменстан – Ашхабад
9) Өзбекстан – Ташкент
10)Қырғызстан – Бішкек
11) Тәжікстан – Душанбе