Тақырыбы: Топырақ ылғалдылығы. Топырақтың негізгі физикалық қаситеттері. Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасы


Топырақ номенклатурасы және оның бағыттары



бет6/8
Дата09.02.2023
өлшемі248,23 Kb.
#66616
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
топырактану2

3.Топырақ номенклатурасы және оның бағыттары
Топырақтану ғылымында белгіленген топырақтың қасиеттері мен классификациялық жағдайына сәйкес атаулары топырақтардың номенклатурасы деп аталады.
Топырық тұқымдарының номенклатурасы үшін топырақ түзілудің алдынғы фазасынан қаліан реликті ерекшеліктерді көрсететін (қалдық шалғындық, қалдық подзоликалык жане т.б.) және топырақтарға тән қасиеттерді анықтайтын терминдер қолданылады (сортаң, сортаңдалған, солодталған, контакт-глей жане т.б.). Топырақ сорттарының номенклатурасы үшін мен механикалық құрамның атауларын жене топырақ разрядтарының номенклатурасы үшін - топырақ түзетін жыныстарды, литологиясын немесе генезисін сипаттайтын терминдерді қолданады. Топырақтың кейбір типтері үшін экологиялық атау негізгі болды: батпақты, шалғынды, тундра, арктикалық. Өйткені бұл терминдер топырақ түзудің биогенетикалық мәнән өте жақсы сипаттайды. Топырақтың типшелерінің номенклатурасы типшелер жуйесін дамытумен қатар дамыды.
Топырақ номенклатурасының үш негізгі бағыты қарастырылады. Біріншісі орыс бағыты болып саналады. Орыс бағытын ғылыми терминологияның жалпы принципін қолданған Докучаев негіздеді, оған сәйкес топырақтарға халықтық лексиканы қолдна отырып қысқа, бір мәнді, символдық атаулар берілген: подзол, белозем, серозем, чернозем, қоңыр топырақ, яғни атаудың негізі бояу болып табылады. Сонымен генетикалық типтер терминдері пайда болды: " чернозем", " краснозем", " сұртопырақ", "қоңыр топырақ".
Топырақтың осы алғашқы атауларының көпшілігі ғылыми тәжірибеге кеңінен еніп, басқа тілдерде аудармасыз қолданылады (чернозем, подзол, сортан). Топыпақтың әртүрлі генетикалық түрлеріндегі жоғарғы топырақ горизонттарының түсі кейбір жағдайларда ұқсас болғандықтан, тип қалыптасатын жағдайлардың сипаттамаларын қосу қажет болды. Топырақтың типшерінін номенклатурасы типшелер жүйесінің дамумен қатар дамыды.Әрбір генетикалық типте "орталық" тише ерекшеленеді, олар үшін келесі терминдер қолданыла бастады: "типтік" және "өтпелі" типшелер, онда осы топырақ типін көрші түрлермен байланыстыратын белгілі бір белгілерді атап өтуге болады. Осы типшелерді белгілеу үшін олар терминдерді қолдана бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет