TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер
TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.

TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.
Халықаралық зерттеу негізгі екі бағыт бойынша жүзеге асады: «математика» және «ғылыми-жаратылыстану», сонымен қатар оқушылардың жалпы оқуды меңгеруі және зияткерлік қабілетін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді. Білім үш деңгейлік тұрғыдан қарастырылады:
– жоспарланған (мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс ретінде анықталады);
– жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады);
– қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады).
Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстануматематика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады.
Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстануматематика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады.
TIMSS халықаралық зерттеулерін өткізуде қолданылатын құралдар:
• тест тапсырмалары бар буклеттер;
• мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама;
• оқушыларға арналған сауалнама;
• математика және жаратылыстану пәндерінің (математика, физика, биология, химия, география) мұғалімдеріне арналған сауалнама;