Тақырыбы: Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері



Дата01.10.2023
өлшемі21,79 Kb.
#112231
Байланысты:
сабак


Орындаған: Дайырова Т.Н
Тексерген:Катшибекова Ж.Б

Тақырыбы:  Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері




Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухомлинский)

Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:
1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой - өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан - жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:
- Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.

Қазіргі кездегі ТДО сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындарды жатқызуға болады.

Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл - күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым - қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.

Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай - күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

Психологиялық ойындар:
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші»
Дамыту ойындары – баланың танымдық және ерік - эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс - әрекет.
Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға қойылатын бipiншi талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Танымдық ойындардың да түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т. б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Саусақ ойыны - ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т. б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұлттық ойындар – ата - бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі - дидактикалық ойындар.

Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі - екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла - тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық».
Сюжеттік - рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез - құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын - ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3 - 5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т. б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез - құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар - оқушылардың шаршамауына, демалуына әсер етеді.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет