Тақырыбы: XVIII ғ мен ХХ ғ басындағы Қазақстан мәдениеті Орындаған: Мұсахан М. М

бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі313,16 Kb.
#132408
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ш.е 2

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтың және көптеген басқаларадың шығармалары басылып шықты. 1912 ж. Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандандырылған «Жәрдем» баспаханасы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды. Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды.

Алайда, халыққа осы рухани байлақтар мен мәдениет жетістіктерінің бәрі бірдей жете қойған жоқ. Бұған халықтың жаппай сауатсыздығы, мәдени-ағарту мекемелерінің өте аздығы, царизмнің отаршылдық саясаты зардапты әсер етті.

б. Халық ағарту ісі

Халықтың сауаттылығы. XIX ғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту — құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін кебінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ср балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және, Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. «Киргизская степная газета» мұсылман мектептеріндегі сабақтын, өтуін суреттеп, былай деп жазды: «Балалар оқитын киіз үйден жан дәрменімен айқайлаған ащы дауыстар естідді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылайша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде тамамдайды».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет