Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз
:
методологиялық бөлім - заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.
құқықтық психология - заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.
криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.
ізденістік -оперативтік психология - заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.
соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.
әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.
Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.
1. Құқықтық психология:
- құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады
2. Қылмыстық психология:
- қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.