Тақырыбы: «Зырла,зырла,шанамыз!» ( Спорттық ойын–сауық ) Мақсаты



Дата27.01.2023
өлшемі18,9 Kb.
#63233
Байланысты:
қысқы ойындар


Тақырыбы: «Зырла,зырла,шанамыз!» ( Спорттық ойын–сауық )
Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп,қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Денсаулықтарын нығайту, шынықтыру, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, төзімділікке, күштілікке тәрбиелеу. Көтеріңкі, қызықты көңіл орнату.
Ескерту: Жоспарланған спорттық ойын–сауық қаламызда қар жаумауына байланысты балабақшамыздың спорт залында жүргізіледі.
Қажетті құралдар: шаналар,қар кесектері, аққала.
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар –Қыс
Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі «Зырла,зырла,шанамыз!»- атты спорттық ойын -сауығымызды бастайық.
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол бұлшық еттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасайды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.
Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлінеді.
І – бөлім: «Кім шапшаң»
Шарты: Қар кесектерін қай команда бір жақтан екінші жаққа жылдам тасиды. Сол жеңімпаз.
ІІ – бөлім: «Шанамен жарысу»
Шарты: Шанамен қар кесектерін белгіленген жерден мәреге дейін тасу.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.Сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан жасалар,
Тауып көрші сен оны. (аққала)
ІІІ – бөлім: «Аққала»
Шарты: балалар сурет бөліктерінен аққала құрастырады.
IV – бөлім: Ойын: «Екі Аяз»
Шарты: Екі командадан екі аяз таңдалады:Аяздар қосылып:
Біз Аязбыз, аязбыз
Балалармен аразбыз
І Аяз – Мен қызыл шоқ тұмсықпын
ІІ Аяз – Мен қырсық көк тұмсықпын
Екі Аяз бірге: Жүрексінбей, нық басып
Батыл болсаң сыртқа шық!
Балалар: Аяз бізге сөз емес, қорқатұғын біз емес.
Балалар жүгіреді, кімге аяздың қолы тиып кетеді, сол қатып тұрып қалады. Көп баланы қатырған аяз жеңімпаз атанады.
Тәрбиеші: Балалар, денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіндер?
Балалар:
Шынықсан - шымыр боларсың.
Денсаулық зор байлық.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
Тазалық денсаулық негізі.
Тәрбиеші: Көңіл күйлерің қалай ойын жарыстар ұнадыма?
Балалар: Иә
(Әр бөлімнің қортындысы есептеліп жеңімпаз команда анықталады)
Жеңілпаз команда марапатталады.
Тәрбиеші: Балалар спортпен шұғылданыңыз, денелеріңді шынықтырыңыз, көңіл күйлерің жақсы болсын!
Ендеше саппен топқа қайтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет