Тақырыбы: «Зоопсихология ғылымының дамуына Ч. Дарвиннің қосқан үлесі»


Зоопсихология ғылымының дамуына Ч.Дарвиннің қосқан үлесі



бет2/2
Дата21.04.2023
өлшемі96,81 Kb.
#85334
1   2
Байланысты:
«Зоопсихология ғылымының дамуына Ч.Дарвиннің қосқан үлесі»

Зоопсихология ғылымының дамуына Ч.Дарвиннің қосқан үлесі
Зоопсихология ғылымының даму тарихы Жануарлардың психикасы адамдардың коршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар — Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты. Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч. Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті. Ч. Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді, бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды.
«Антропоморфизм» бағыты пайда болды, ол - адаммен аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.
Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А.Н. Леонтьев қарастырды. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді, тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы - сезімталдық, яғни - түйсінуге қабілеттілік пайда болады.
Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А. Вагнер болып табылады.
Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар ("психофизикалық параллелизм") психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды. Дарвин (1872) "антитеза қағидасын" ашты, ол қағида бойынша – мәні бойынша қарамақайшы сигналдар өзінің сипаты бойынша қарама-қайшы позалардың көмегімен беріледі. Мысалы, агрессияны көрсететін поза достық қарым-қатынасты көрсететін позаға қарама-қайшы. Ниет қозғалысы - жануардың не жасағалы отырғаны туралы ақпаратты алып жүретін аяқталмаған жүріс-тұрыс. Девистің бақылаулары бойынша, егер көгершін алдын-ала болатын ниет қозғалыстарынсыз ұшса, онда бұл калғандары үшін қобалжу сигналы болып қызмет етеді.
Эволюция үрдісіндегі мәні бойынша әртүрлі позалар мен дене қозғалыстарының шығу тегі мотивацияның конфликтісімен байланысты сияқты. Мотивация конфликтілерінің негізгі үш типі бар, олар: - "жақындау-жақындау", Бұл екі бір сәттік мотивациялар әртүрлі мақсаттарға бағытталған кезде туындайды; - "қашу-қашу", бұл қашуға деген бір мезгілдегі екі тенденция байқалған кезде туындайды; - "жақындау-қашу" жануарда болатын объектіге жақындау және одан қашу мотивациясы бір мезгілде пайда болған кезде байқалады. Соңында қандай да бір мотивация жеңеді немесе екеуі де аяқталмаған болып қалады және "позаға" айналады. Сондықтан көптеген демонстрациялар конфликтілік жүріс-тұрыстың рәсімденген компоненттерінен тұрады. Мысалы, күміс түстес шағалада қаһар көрсетудің көлденең позасында қорқыныштың да, агрессивтіктің де элементтері болады (Тинберген, 1959).
Жүріс-тұрыстың негізгі үш тенденциясы болады, егер олардың әрқайсысы шеттетілген тұрғыда әрекет етсе, онда ол мыналарға:
1) жыныстық жүріс-тұрысқа;
2) шабуылға;
3) қашуға алып келеді.
Белсенділіктің бұл түрлері таза түрде сирек кездеседі. Жүріс-тұрыс осы үш негізгі мотивациялардың араласуының нәтижесі болып табылады.
Мысалы, қаһар көрсету позасы - бұл шабуыл және қашу тенденциясының комбинациясы болып табылады.
Демонстрацияларды жүріс-тұрыс тенденцияларының конфликтісі көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мыналарды есепке алу қажет: Жағдайды, мысалы, өз аймағының шекарасына жақын жерде жануар қорқыныш пен агрессивтілікті сезінеді, ал жыныстық жұп болған кезде жыныстық мотивация пайда болады. Демонстрация кезіндегі жүріс-тұрысты, мысалы, үзіліс бойынша бақталасқа жақындау және одан алыстап кету. Демонстрациядан бұрын болатын немесе одан кейін өтетін жүріс-тұрысты.
Демонстрацияның табиғатын. Қаһар көрсетуді демонстрациялаудың сипаты шабуылды іске асыруға кедергі жасайтын жағдайлармен анықталады. Құстардың табиғаттағы жүріс-тұрысына бақылау жасай отырып, шабуылды тоқтататын кез-келген сигналдың жануарда қаһар көрсетуді демонстрациялауды туындатқызатындығын көрсетті. Оларға одан кейін қашуға тенденцияның әсері әсер етпейтіндей деңгейге дейін рәсімденеді: олар тек шабуылға тенденциямен ғана байланысты болады.

Қорытынды


Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтардың және тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде қазба түрінде тістері кемірушілердің тістеріне ұқсас тұяқты жануарлар мен ламаға ұқсас түйетектес жануарлар табылды. Жабайы жылқы тістері мен жалқауаңның қазбадан табылған қалдықтары да Ч. Дарвинге ерекше ой салды. Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы таушымшықтар Оңтүстік Америкада көрген таушымшықтарына сәл ұқсағанымен түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар екенін байқаған. Ч.Дарвинді таңғалтқан да осы белгілер болды. Аралда үш апта болып, таушымшықтардың негізгі өзгеріске ұшырағаны тұмсықтары екеніне көз жеткізді. Тұмсықтарының өзгеріске ұшырау себептері қорек ерекшеліктеріне байланысты деген тұжырымға келді. Шыққан тегі бір болғанымен қоректің түріне байланысты тұмсықтарының өзгеруін мына мысалдан білуге болады. Мысалы, егер тұмсығы жуан болса – қатты тұқыммен, жіңішке ұзын болса – жеміс- жидектермен, біз тәрізді үшкір болса – жәндіктермен және гүл шірнесімен қоректенгендіктен өзгерген. Осылардың ішінде тоқылдақ сияқты ағаш қабығынан жәндіктерді шығарып алу үшін кактустың тікенімен шоқып алатын ағаш таушымшығы кездескен. Мұндай өзгерістен алшақтаудың ( оқшаулану ) түрлердің дамуына тигізетін әсері екендігін білуге болады. Табиғи сұрыпталу тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқтарды жойып отырады деген қорытындыға келді.
Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл – Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі



  • Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.




  • https://melimde.com/zoopsihologiya-peni-bojinsha.html

  • https://kk.wikipedia.org/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет