Қорыта келгенде, «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді. Оған күмәнім жоқ. Өйткені біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін алға қойғанбыз. Ол жетістікке қол жеткіздік. Әлемдік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Өзінің «100 нақты қадам» арқылы Елбасы өркендеген, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу міндетін қойды, жолдарын көрсетті.
Ол мақсатқа жету үшін барлығымыз бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс атқаратын боламыз. Аудан әкімдігі өзінің іс-әрекеттерін осыған бағыттап, Елбасы қойған асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға ауданның барша халқын шақырып отыр. Осы залда қатысып отырғандар шет қалмайтындығына сенімім зор.