1) өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Қажет болған жағдайларда өтініш берушімен ұсынылған мәліметтерді нақтылау үшін тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұранысты жүзеге асырады; Сонымен бірге, тағайындау туралы шешімді қабылдау мерзімі (төлеу кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тоқтата тұру, жаңарту және тоқтату) уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі бойынша отыз күнтізбелік күн мерзіміне дейін ұзартылады. Бұл жөнінде сұранысты жүзеге асырған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш беруші жазбаша түрде хабардар етіледі.
3) ұсынылған құжаттардың толық еместігін және дұрыс еместігін, жиынтық табысты есептеу және адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеп шығару кезіндегі қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін түзеуге қайтарады.