4) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту (төлеу кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тоқтата тұру, жаңарту және тоқтату) туралы шешімді қабылдайды. Бұл жөнінде Орталық немесе әкім арқылы өтініш беруші хабардар етіледі, ал тағайындаудан бас тартылған жағдайда – оның себебі көрсетіледі.
Шешім ЭЦҚ қолдана отырып, басшымен немесе оның міндетін атқаратын тұлғамен куәландырылады.
ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ
Орталықтан құжаттарды алғаннан кейін уәкілетті орган 3 жұмыс күн ішінде:
1) құжатта ұсынылған мәліметтерді өтініш берушіден немесе әкімнен нақтылайды
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептейді
3) Нақтыланған мәліметтермен қоса құжаттардың электрондық/қағаз пакетін шешім жобасымен бірге уәкілетті органға жолдайды
Уәкілетті орган тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тікелей немесе әкім арқылы хабарлама жолдайды (Қағидаларға 9-қосымша).
Құжаттарды түзеуге қайтарған кезде Орталық 3 жұмыс күн ішінде:
Достарыңызбен бөлісу: |