Тақырыбы:Қазақ ұлтының қалыптасуы: кезеңдері мен ерекшеліктері(реферат)



бет3/5
Дата06.10.2023
өлшемі95,36 Kb.
#113290
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих

Алаш атауы
Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты. "Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы.
Қазақ атауы
"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. "Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр. X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады. X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар. 1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 16341641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.
Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.
Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".
Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-монғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.
Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет