Брахмандар Кшатрилер Вайшилер Шудралар Діни адамдар Жауынгерлер Көпестер Шаруалар,жұ-мысшылар
Кесте 4
Жабық қоғам Ашық қоғам тап сословие Құлдық дәуір каста Қоғам
Сословие туралы түсінік
Сословие дегеніміз — бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілермен де анықталады. Осылар арқылы мұндай ақсүйек феодалдар және дін басылары сияқты сословиелердің құқыктары, міндеттері және жеңілдіктері анықталды. Ресейдегі дворяндар, дін басылар, шаруалар, көпестер, мещандар сословиелерін атап өткен жөн. Бұлардың арасында дворяндар жетекші орын алды. Бастапқыда дворяндар (ХІІ-ХІИ ғғ.) орыс княздарына әскери қызмет көрсететін феодалдық өскери-қызметтік сословиенің бір бөлігі ретінде қалыптасса, XIV ғасырда олар сарай адамдары (Дворяндар) ретінде өз кызметтері үшін жеке иелік жерлер ала бастады.
Тап ұғымы
1. Өндіріс құралдарын қол астына, меншігіне алған, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде белгілі бір орынға ие болған және табысқа иелік етудің ерекше тәсілдері арқылы сипатталатын адамдардың үлкен әлеуметтік тобы кең мағынадағы тап деп аталады.
2. Қазіргі қоғамдағы бірінен-бірі өзінің табысы, білім деңгейі, билік мөл-шері және престижі (дәрежесі) арқылы ерекшеленетін кез келген әлеуметтік қабатты (жікті) тар мағынада тап деп атайды.
Ортаңғы тап
Индустриялды тұрғыда дамыған капиталистік елдерде халықтын орташа табыс деңгейін есепке ала отырып, олардың көпшілігін ортаңғы тапка жатқызады.
Ортаңғы тап - дүниежүзілік тарихтағы бірегей құбылыс. Ол адамзат баласының бүкіл тарихында бұрын болған емес. Ортаңғы тап XX ғасырда пайда болды. Қоғамда ол ерекшелік қызметін атқарады. Ол — қоғамның тұрақтылығын сақтаушы. Олардың саны кобейген сайын, коғамдағы революциялық ой-пиғыл ауқымы да соншалыкты азаяды, ұлтаралық шиеленістердің, әлеуметтік катаклизмалардың болу мүмкіндігі де мүлде кемиді. Бұл тап озтағдырын өз колымен жасап, калыптастыратындардан, соған орай коғамдық кұрылысты сақтап қалуға ынталы адамдардан кұралады. Ортаңғы тап қарама-қарсы тұрған екі тапты — кедейлер мен байларды бір-бірінен аластатып, олардың қақтығысуына жол бермейді.