Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ПРОФЕССОР ФАУЗИЯ ОРАЗБАЕВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ, ӘДІСКЕРЛІК, ТҰЛҒАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет111/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   277
Байланысты:
1 2019

ПРОФЕССОР ФАУЗИЯ ОРАЗБАЕВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ, ӘДІСКЕРЛІК, ТҰЛҒАЛЫҚ 
БЕЙНЕСІ 
 
Тымболова А.О.  
 
Әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық университеті  
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 
 
ф.ғ.д., доцент  
 
 
«Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  өзгенің  уақытын  аялау»  дейтін  француз  ойшылы  Жан  Жак 
Руссоның  осынау  бір  пікірі  өте  әділ  айтылған.  Себебі  осы  қасиетті  мамандықтың  иелері  өзінің  бар 
санаулы ғұмырын саналы түрде өзгелердің білім алу игілігі үшін  сарп  етеді. Мамандық атаулының  ең 
қиыны  да,  төресі  де  –  осы  ұстаздық  қызмет.  Қиын  болатын  себебі  –  инемен  құдық  қазғандай  үлкен 
еңбекпен, тырнақтап жинаған тәжірибемен келетін бейнетті жұмыс. Шоқтығы биік болатын себебі – алып 
та, ғаріп те ұстаздың алдынан білім алады. Сондай ұстаз деген қасиетті ұғымға бар болмысымен үйлес 
келетін  тұлғалар  болады.  Ондай  жандарды  осы  өмірге  ұстаз  болу  үшін  келген  бе,  ғалым  болу  үшін 
жаратылған ба дерсіз?!  
Біз  бұл  мақаламызда  сондай  ұлағатты  ұстаздардың  бірі,  елімізге  белгілі  ғалым,  педагогика  ғы-
лымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  Ұлттық  ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі, 
Қазақстан  Республикасының  Еңбек  сіңірген  қайраткері  Оразбаева  Фаузия  Шәмсиқызының  ғылымдағы 
жетістігі мен қоғамдағы қайраткер тұлғасы туралы сөз етпекшіміз.  
Ғылымдағы  белесін  мұғалімдіктен  бастағандықтан  Фаузия  Шәмсиқызының  ең  алдымен  ұстаздық 
қырына тоқталайық:  
Мұғалімдердің отбасында туып, ағартушылардың алғауымен ақылды боп өскен бойжеткен мектепті 
үздік  тамамдап,  1971  жылы  С.М.  Киров  атындағы  ҚазМУ-дың  филология  факультетіне  оқуға  түседі. 
Оқуға деген құштарлығының арқасында университетті де үздік бітірген жас біржола ғылымға бет бұрып, 
1975 
жылы осы университеттің аспирантурасын ойдағыдай бітіріп шығады.  
1989–1991 
жж.  аралығында  ҚазМУ-дың  доценті  болып  еңбек  етеді.  Ғалымның  ғылыми  және 
педагогикалық мектептердің игі дәстүрлерін ұстанған, әл-Фарабидей әлемдік ғұламаның атын иеленген 
қасиетті білім  ордасының түлегі  екендігін, университет қабырғасында жемісті  еңбек  еткендігін бүгінде 
ҚазҰУ-дағы әріптестері мен кейінгі буын шәкірттер әрдайым мақтан тұтады.  
Еліміз тәуелсіздігін алып, білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру, төл тіліміздің туын 
көтеру, оны дамыту, жандандыру ісі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып тұрған тұста ғалым бел 
шеше іске кіріседі. Ұлт ретінде ұйысудың ең басты шарты – оның тілін сақтауда екендігін жан жүрегімен 
сезінген ғалым, оны үйретудің амалын тынбай зерттей жүріп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа негізін 
жасауға күш салады. 
Демек,  профессор  Фаузия  Шәмсиқызы  есімінің  білім  беру  жүйесіндегі  оқыту  мәселелері  мен  терең 
тәжірибелерді ғылым тезінен өткізіп отыратын әдістеме ғылымымен тығыз байланысы оның әдіскерлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет